Page 364 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
363
үрдістерінің негізін құрайтын өндірістің негізгі қорлары еңбек
ұжымдарымүшелерінің жалақысын төлеу бойынша, сондай-
ақ ауылшаруашылығы өндірісін енгізуге мүдделі негізгі несие
алушылардың қарыздарын жабу есебінде таратып жіберілді.
Өндірістің негізгі қорларын алған еңбек ұжымдарының
мүшелері өздерінің шартты жер үлестерімен дәрменсіз
шаруашылықтардан шығып, жоғарыда аталған негізгі не-
сие алушылармен бірге ешқандай қарызбенен былықпаған
жаңа шаруашылық субъектілерін құрды, сөйтіп таза орында
жаңадан жұмыс істеуді бастады. Ал өтімсіз активтермен және
орасан зор қарыздармен қалған дәрменсіз шаруашылықтар
банкротқа ұшырады.
Дәрменсіз шаруашылық субъектілеріне банкрот-
тауды жүргізу кезінде несие алушылардың үлкен бөлігі
қанағаттанғысыз болып қалды, әрине, қарыздары алынып
тасталды.
1998 жылдан 2001 жылға шейін аграрлық секторда ре-
форманыжүргізу уақытында 2284шаруашылық банкрот деп
жарияланды, ал 2001 жылдың басына қарай солардан 1981
шаруашылық (87%), соның ішінде 1574-і – сот тәртібімен,
407-і – сот тәртібінсіз жойылды.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарына банкроттауды
жүргізу бізге не берді? Бірінші кезекте, бағаның құнсыздануы
мен дағдарысты кезеңдерде қордаланған қарыздардан
шаруашылық субъектілерді құтқарып қалуға мүмкіндік
туғызды. Сөйтіп, банкротқа ұшырап жойылғандардың
негізінде жаңадан құрылған кәсіпорындарды айтпағанда,
көптеген шаруашылықтар өз қызметін жаңадан қарызсыз
бастауға мүмкіндік алды. Мысалы, банкроттауды жүргізу
кезеңінде (1998–2001 жж.) бұрынғы жекешелендірілген
ұжымшарлар мен кеңшарлардың негізінде 35 мың шаруа
қожалықтары құрылды. Олардың негізгі бөлігі екі облыстың:
Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстары еңбеккерлерінің
үлесіне тиді.