ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
362
тиімді өткізгеніне тоқталып өтпесек, жер мәселесінің тари-
хы толық болмас еді. Сол кезеңде бұл ең бір дұрыс шешім
болды. Жүргізілген жұмыстардың мәні мен мағынасы ауыл
шаруашылығы құрылымдарын қордаланған қарыздардан
құтқаруға келіп тірелді. Бұл бізге банкроттау шараларын
жүргізу арқылы ауыл шаруашылығын қайыры жоқ қарыз
иелерінен «тазалауға», соған сәйкес олардың орнына жаңа
меншік иелерін әкелуге мүмкіндік берді.
Соған қоса, ауыл шаруашылығы саласының қаржы
жағдайын нығайту мақсатында, 1998 жылдан респу-
бликада қарызын өтеуге дәрменсіз ауыл шаруашылығы
құрылымдарын, оларға банкроттаушарасын қолдану арқылы
қаржылай оңалту мен сауықтыру үрдісі басталды. Осыған
орай арнайы республикалық ведомствоаралық жұмыс
тобы құрылды: ол жасалған ұсыныс нұсқауларға сәйкес
әр он күн сайын Қазақстан Республикасы Үкіметіне ауыл
шаруашылығын қаржылай оңалту мен сауықтыру үрдісінің
өткізілуі туралы ақпараттар беріп отырды.
Республиканың барлық шаруашылықтары үш топқа
бөлінді. Бірінші топ – тұрақты экономикалықжәне қаржы көр-
сеткіштері бар рентабельді жұмыс істейтін шаруашылықтар.
Екінші топ – қаржылай сауықтыру шараларын жүзеге асыру
арқылы қаржылық қауқарға ие болатын шаруашылықтар.
Ақыры, үшінші топқа банкроттау алдындағы шараларды
жүргізгеннен кейін, банкроттауға ұшыратуды қажет ететін
шаруашылықтар жататын болды.
Банкроттауды классикалық үлгісінде қолдану шаруашы
лықтардың өз активтерінен түгел айырылуына және ауыл
тұрғындарының мүлде құр қол қалуына алып келетіні
түсінікті еді. Сондықтан жергілікті жерлерде банкроттауды
жүргізгенге дейін банкроттау алдындағышаралар жүргізілді.
Мысалы, іс жүзіндегі заңдылықтар шеңберінде дәрменсіз
шаруашылықтардың өндірістік және технологиялық