Page 361 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
360
деңгейі 17,9%, өсімдік шаруашылығы өнімдерінде –
2,9%, мал шаруашылығында – 30,7% болды) және ауыл
тұрғындарының төлем қабілеті төмендеген кездерде, жеке
меншікті енгізу республикада азық-түлікпен қамтамасыз етуге
байланысты қиындықтар тудыруы мүмкін еді.
Қазақстан халықтары Ассамблеясында мен бүгінде ауыл
шаруашылығымақсатындағыжерлерде жұмыс істейтін біздің
азаматтарда қаржының жоқтығы кезінде, оны жаппай сатып
алу мен қайта сатуды беталды қоя беру – осы адамдарды
тақыр-таза тонау, оларды жалшылық жұмысқа мәжбүр ету
болатынын атап ескерттім. Әлі меншік иесі екенін сезініп,
меншік құқығының құндылығын терең түсіне қоймаған
адамдар тез пайда таба қоюға асығып, өз жерлерін сатып
жіберуі мүмкін еді. Немесе сырттан тартылған капиталмен
бәсекелесе алмайтын еді. Ал сонан кейін өз жерлерін сатып
алғандарға жалданып барып жұмыс істеуге мәжбүр болар
еді. Біздің қоғам әлі де жерге жеке меншікті жаппай енгізуге
дайын емес еді.
Жекешелендірудің үшінші кезеңінде (1996–1997 жыл-
дар) республикада 162 мемлекеттік ауыл шаруашылығы
кәсіпорындары жекешелендірілді. Мүліктік жарналар мен
шартты жер үлестері иелерінің оларды сатуға немесе жалға
беруге құқығыболды. Алайда ауылшаруашылығымемлекеттік
қолдаудың күрт қысқаруы жағдайында да жоспарлы эко-
номика жылдарындағы ескі жоба бойынша жұмыс істей
берді. Бұрынғы ұжымшарлар мен кеңшарлардың көптеген
қызметкерлері шартты жер үлесі құқығын иеленіп, мүліктік
жарнаны тегін алғанымен, ақпараттың жетімсіздігі мен
дәстүрлі кертартпалықтан болып жатқан өзге­рістердің мәнін
жете түсінбеді және бұл меншікке барынша тиімді билік ете
алмады. Жергілікті биліктің қолғабыс тигізуімен бұрынғы
ұжымшарлар мен кеңшарлардың директорлары («қызыл
директорлар» аталатын) құрған өндірістік кооперативтердің