Page 360 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
359
Бұл ережелер ауылшаруашылығымақсатындағыжерлер-
гежекеменшікқұқығынтағайындаушызаңнамалықактілердің
туындауына мүмкіндік жасады. Бұл мәселе бойынша Пар-
ламентке ұсынылған бастапқы Заң жобасы өтпеді. Ол ұзақ
талқыланды. Бірауыздылық болмады. Тіпті, құнарлы жер-
лерге қандай ұлттың адамдары иелік ете алады, ал қайсысы
иелік ете алмайды дегенге дейін бардық. Бұл жерде талас,
негізінен, басқа республикалардың адамдары келіп жұмыс
істеген тың жерлер туралы болды. Мен ол кезде кесімді
пікір айтқан жоқпын. Бірақ жердің жеке меншікке берілуін
нығарлап айттым.
1995 жылдың желтоқсанында «Жер туралы» Жарлықты
жарияладым, сөйтіпжаңажерқатынастарызаңжүзіндеайқын-
далды. Республиканыңмемлекеттік емес заңдытұлғаларымен
азаматтарына жеке қосалқы шаруашылығын, бау-бақшасы
мен саяжай құрылысын, сондай-ақ өндірістік және өндірістік
емес құрылыстарын, соның ішінде тұрғын үй ғимаратын, тағы
басқа ғимараттары мен олардың кешенді құрылыстарын,
бұларға қоса оларға қызмет көрсету үшін арналғанжерлердің
жұмыстарын жүргізуге қажетті жер телімдерін жеке меншік
иелікке беру мүмкіндігі мойындалды. Сонымен бірге атал-
мыш Жарлыққа сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлер, сондай-ақ қорғаныс мақсатындағы, орман және
су қорларындағы, ерекше күзетілетін аумақтардағы, ар-
найы экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени, демалыс және
емдеу-сауықтыру мақсаттарындағы, елді мекендердегі
жалпы пайдаланымдағы жер телімдері жеке меншік иелігіне
берілмейтін болды.
Жарлық тағы да ымырашылдық сипатта болды, себебі
оның ережелері ауыл шаруашылығы жерлеріне жеке меншік
құқығын енгізуге шектеулерді бекітті. 1995 жылы, ауыл
шаруашылығы экономиканың ең пайдасыз саласы болған
(ауыл шаруашылығы өнімдерін де өткізу шығындарының