Page 359 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
358
Жоғарыда айтып ескерткенімдей, жердің жаңа иесін
таңдаудың түйінді мақсаты жер пайдалану тиімділігін арт-
тыру болып табылды. Жаңа нарықтық қатынастарға көшу
жағдайында жерді меншіктенушілердің мойнына салмақты
проблемалар жүктелді. Олар өндірісті дербес жүргізуге, ал
оның табыстылығы тек меншік иесінің тек иелік етуіне ғана
емес, оның іскерлігіне, жерді меңгере білуіне байланысты еді.
Мемлекет, өз кезегінде, жерге жеке меншікті енгізу үшін
тиісті институттарды (жерді меншіктенушілерді тіркеу қызметі,
жер телімдерінің бағасын анықтау және т.б.) құруы керек
болды. Жерге жеке меншікті енгізу туралы түпкілікті шешімді
қабылдау қалыптасқан ахуалды, әсіресе мемлекеттік ауыл
шаруашылығы кәсіпорындарынжекешелендіру мен олардың
мүлкін таратудың ерекшелігін ескере отырып, оны жеке
адамдардың қолына берудің мұқият жасалған тетігі болуын
талап еттім. Сірә, бұл арада «жеті рет өлшеп, бір рет кес» де-
ген ескі мәтел өзін толық мағынасында көрсете білді. 1995
жылға дейін жердің тек қана мемлекет иелігінде болып келуі
әбден заңды еді. 1995 жылы бүкілхалықтық референдуммен
қабылданған еліміздің Конституциясы, біздің тарихымызда
тұңғыш рет, Қазақстанда жер мемлекет меншігінде де, жеке
меншікте де болатынын айқындады.
«1-бөлім «Жалпы ережелер», 6-бап.
3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен
жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет
меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген
негіздерде, шарттарменшектерде, жеке меншікте де болуы
мүмкін».
Қазақстан Республикасының Конституциясы.
1995 жылдың 30 тамызында
жалпыреспубликалық референдумда
қабылданған