ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
34
орнынан айырылғандар ғана көтеріп жүргенін жұрттың ұғы-
нуыкерек. Тұрмыстыңбүгінгі жақсара түсуі бізді босаңсытпауы
тиіс. Мемлекеттік аппарат пен оның шығындарын ұлғайтуға
жан сала азғырушылық дәл осындай үлкен кірістердің
уақытында пайда болады. Менің ойымша, мемлекет одан
әрмен қарай да бұл шығындарды өз бақылауында ұстауға
ұмтылуыкерек. Біз әкімшілік реформалардыәлі аяқтағанымыз
жоқ. Олар бізді әлі де алда күтіп тұр.
Төленбеген өтемдер дағдарысын еңсеру кәсіпорын-
дарды «ауру» және «сау» деп бөлу тетіктерін іске қоспай
мүмкін болмады. Әлсіз кәсіпорындардан оларды қайта құру
немесе банкротқа ұшырату жолымен ғана құтылу көзделді.
Мемлекет иелігінен алу менжекешелендіру үрдісі әлеуетті
меншік иелерінің тобын құруды, сондай-ақ бағалы қағаздар
нарығымен оның ішкі құрылымын қалыптастыруды талап етті.
Құқық реформаларын жүргізу міндеті жеке ірі блок болып
тұрды. Оған реформаның экономикалық блогының «тіреуіші»
және олардың пәрменді жүргізілуі үшін өзінше локомотив
болу рөлі берілді.
Бірақ еліміз үшін аса қиын сол кезеңде қоғамдағы пси
хологиялық ахуалдың тепе-теңдігін сақтау ең басты мәселе
болды. Өкінішке қарай, кейбір популистер жуық арада тама-
ша жақсылықтаржасаймыз деп дәмелендірді, ал кейбіреулер
алдымызда апат күтіп тұр деп сәуегейсіді. Алайда текшыншыл
ұстаным ғана әділ болуымүмкін еді. Мен депутаттарға осыны
жеткізуге тырыстым.
«Егер біз өз отанымыздың нағыз патриоттарымыз де-
сек, егер шынында дағдарыстан шыққымыз және халыққа
жақсы өмір бергіміз келсе, біз қиындықтарға баруымыз
және оларға шыдауымыз керек. Осыдан 50 жыл бұрын,
нацистік Германияға қарсы соғыс кезінде, Ұлыбританияның
Премьер-министрі Уинстон Черчилль өз халқына жолдаған