Page 358 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
357
нарығының алғашқы белгілерінің қалыптасуы басталды.
Жерге иелік ету құқығын ақы төлеу негізінде алу мүмкіндігі
пайда болды, оның, іс жүзінде, жерге жеке меншік құқығынан
айырмашылығы аз болды.
Жекешелендірілген нысандардың меншік иелері жер
құқығын ала бастады және мемлекет тарапынан ешқандай
рұқсатсыз оған еркін билік жүргізді. ТМД елдерінің арасында
жер заңнамалары тарихында тұңғыш рет жаңа институт –
жер құқығына билік ету институты пайда болды. Азаматтық
айналымға жер учаскелерінің өздері емес, соған өмір бойы
мұрагерлік жолмен иелік ету құқығы, жерді пайдалану
құқығы мен жерді жалға беру құқығы енгізілді. Ол кезде осы
заңнамалық жаңалықтардың барлығына қоғамдық пікір
пәлендей ілтипат білдіре қойған жоқ, қайта мұның өзі жерді
саудаға салғандық, конституциялық ережелерді бұзғандық
деген пікірлер айтылып жатты.
Өткенге қарайлай отырып, біз бұл құқықтық актілер
өте маңызды болғанын көреміз. Өйткені дәл сол кезде жер
заңнамаларыныңнарықтық экономикаға бет бұруыбасталды,
атап айтқанда, олар қабылданғаннан кейін жер нарығының
алғашқы белгілері пайда болды, жердің нарықтық құнының
қалыптасуы басталды.
Мен мынадай ойды әлденеше рет айтып ескерттім:
жерге меншік мәртебесін айқындау тек экономикалық
тиімділігімен ғана емес, Қазақстан халықтары мүдделерінің,
салт-дәстүрлерінің, адамдар тағдырларымен келешек ұрпақ
алдындағы жоғары жауапкершіліктерінің сақталуын талап
етеді. Сондықтан түпкілікті шешімді қабылдау үшін қоғамның
барлық қалауы мен пікірінің жиынтығын тыңдау қажет болды.
Қазақстанда жерге жеке меншікті енгізу туралы идеялар,
іс жүзінде, тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап айтылу-
мен болды. Бірақ реформалаудың алғашқы жылдары жерге
жеке меншік құқығын заңды түрде бекіту бірқатар себептер-
ден мүмкін болмады.