Page 357 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
356
Тексеру кезінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде азық-түліктің
және, бірінші кезекте, астықтың молшылығы бар бірден-бір
республика болып шықты.
Жинақталған барлық келеңсіздіктерге қарамастан, біз
табанымыз тайғақ болса да, ауылшаруашылығының одан әрі
қарайғықұрылуыменреформалануыүшіннақтыайқындалған
жолды сезіндік. 1991 жылғы «Жер реформасы туралы»
«өтпелі» Заң ауылда меншікке қатысты проблеманы уақытша
шешуге мүмкіндік берді. Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру
алғашқыфермерлікжәнешаруа қожалықтарын қалыптастыру
үрдісін жүргізуге жағдай туғызды. Алайда бұл нәтижелер
тұтастай ауыл шаруашылығының кері кетуін тоқтатпады
және ауылдың ұзақ мерзімді дамуының кепілі бола алма-
ды. Оқиғаның уақыты мен қисыны одан ары қарайғы қайта
жаңаруларды талап етті.
Ж
ер
реформасының
екінші
кезеңі және
банкротқа
ұшыраған мезгілі
,
1994–2001
жылдар
Жер реформасының екінші кезеңі жер қатынастарын
жетілдіру мәселелері жөнінде 1994 жылы Президенттің
екі бірдей заң күші бар Жарлықтарына (24.01.94 ж. және
05.04.94 ж.) қол қоюымен басталғанын айтуға болады. Осы
жарлықтарға сәйкес жер пайдалану құқығы енді азаматтық-
құқықтық ымыраның мәселесіне айналды. Аталмыш
Жарлықтар сондай-ақ өзінше өтпелі кезеңнің актілері болды
және жерге мемлекеттік меншіктің ерекше құқығын сақтады.
Алайда бұл Жарлықтардың негізінде жер телімдеріне иелік
ету құқығын сату-сатып алу, жерді пайдалану және жалға
беру тәртібі бекітілді. Біз әлі жерге жеке меншікті енгізумен
тұрғындарды таң қалдыра алмадық, сондықтан да жерге
меншік оған иелік ету құқығына ие болумен алмастырыл-
ды. Іс жүзінде осы кезеңнен жерге жеке иелік ету және жер