Page 356 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
355
құқығы болғандықтан бұл телімдерді жекешелендірілген
нысандардың иелеріне үлестіруге мүмкіндік бермеді.
Яғни, бір жағынан алғанда, былайша болды: біз ауылды
реформалауды бастап, мемлекеттік мүлікті жекешелендіру
жөнінде белгілі бір нәтижелерге жеттік. Бірақ бұл мүлікті одан
әрі қарайғы тиімді пайдалану, оныжаңғырту үшін инвестиция-
лаудыжүзеге асыруға келгенде, жермәселесініңшешілмеуіне
байланысты инвесторлар күмәнданатын болды. Егер егін
егіп, дән себетін жер болмаса, трактор мен тұқым сепкіштер
сатып алудың қандай мағынасы бар? Осының бәріне қоса,
бұл шаралар бәрібір біздің кең-байтақ және бір кезде жақсы
дамытылған ауыл шаруашылығымызды құтқара алмайтын
еді. Ол біздің көз алдымызда қиратылмай, әлі күнге осыдан
ақырына дейін оңала алмай келе жатқан.
Қорыта келгенде мынаны айту керек: 1992 жылы
Еуропалық қоғамдастық комиссияның тапсыруы бойынша
Біріккен Ұлттардың Азық-түлік және ауыл шаруашылығы
ұйымдары бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде азық-түлік
жағдайына зерттеулер жүргізді. Комиссия алынған нәти-
желерді сараптай келіп, бұл елдердегі азық-түлік жағдайын
бағалау үшін жауап беретін ұйымдардың жұмысындағы
жалпы кемшіліктерді атап көрсетті. Бұл кемшіліктер нақты
өнім тепе-теңдігінің болмауынан туған. Ол тепе-теңдік
бүкіл әлемдегі сияқты бір орақтан екінші ораққа дейін емес,
күнтізбелік негізде – қаңтардан қаңтарға дейін жасалған.
Мұндай сәйкессіздік, бұрынғы Одақтың басқа республи-
калары секілді, Қазақстанда да: қаншалықты және қандай
азық-түлікті шетке сатуға және оның қандай бөлігін сырттан
әкелуге болатынын білмеушілікке әкеліп соққан.
Комиссия аймақтағы азық-түлік жағдайына талдау жасай
келіп, ҚазақстанОрталық Азияның басқа елдеріне қарағанда
тұрғындарды тағамдық өнімдермен қамтамасыз ету жөнінде
айтарлықтай орнықты жағдаймен ерекшеленетінін атап өтті.