ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
354
мен әрдайым соларға оралып соғып отырдым. Жердің нағыз,
ыждағатты, жаны ауырып сүйетін, іскер иесін табу керектігі
түсінікті болды.
Әрбір ауыл тұрғынына шартты жер үлесін бөліп беру-
ге шешім қабылданды. Ұсынылған шартты жер үлесінің
мөлшері орташа жер үлесімен айқындалып, оны әрбір нақты
шаруашылықтың еңбек ұжымы тағайындайтын, сонсоң,
ауданның атқарушы органы бекітетін болады. Орташа жер
үлестерін айқындағанда, елді мекендердің аумағына және
аудандық атқарушы органның жер қорына жатқызылған
алқаптарды алып тастағандағы шаруашылықтың ауыл
шаруашылығында пайдаланылатын барлық жерлері ескерілді.
Республика бойынша жекешелендірудің екінші кезеңін-
де (1993–1995жылдар), тұтастай алғанда, 1490мемлекеттік
ауылшаруашылығы кәсіпорындарыжекешелендірілді.Шарт-
ты жер үлестері мен мүліктік жарналар иелерінің ерікті түрде
бірігуі арқылы заңды тұлға құқығымен мүлікке жеке меншікке
негізделген шағын кәсіпорындарды, ауыл шаруашылығы
өндірістік кооперативтерін, шаруа қожалықтарымен олардың
бірлестіктерін құруына құқығы болды.
Бұлшаралар ауылшаруашылығы ұйымдарымүшелерінің
жерде шаруашылық жүргізу түрін ерікті түрде еркін таңдай
алуына жағдай туғызды. Барлық ауыл шаруашылығы
кәсіпорындары қызметкерлерінің шартты жер үлестерінің
мөлшерін анықтау жөніндегі жұмыстар 1993–1994жылдары
жүргізілді. 1995 жылдан бастап реформаланған және қайта
құрылған шаруашылықтар қызметкерлерінің шартты жер
үлесіне құқығы туралы куәліктерді толтыру және үлестіріп
беру іске асырылды.
Сонымен қатар тағы бір келісімсіз жағдай пайда
болды. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мүлкін
жекешелендіргеннен кейін ортадағы жердің иесі де өзгеруі
керек еді ғой. Алайда сонымен бірге 1993 жылғы Кон-
ституция бойынша жерге мемлекеттік меншіктің ерекше