Ж
ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
353
Жер реформасының динамикасында да осындай саты-
лар бар. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшін ол
ауыл тұрғындарына шартты түрдегі жер үлестерін таратып
беруден басталып, 2003 жылғы Жер кодексінде жазылған
жеке меншікті енгізумен аяқталды.
90-шы жылдардың басында қабылданған базалық заң-
намалық және нормативтік құқықтық актілер ауыл шаруашы-
лығында жерді мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру
жөнінде кең көлемді жұмыстардыбастауға мүмкіндік туғызды.
Сөйтіп, агроөнеркәсіп секторындағы реформамен қатар
мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру жөніндегі Ұлттық
бағдарлама қабылданды. Мемлекеттік ауыл шаруашылығы
кәсіпорындарын жекешелендірудің бірінші кезеңінде
оларды ұжымдық кәсіпорындар етіп қайта құру жүзеге
асырылды. Осындай тәсілмен республика бойынша 472
кеңшар жекешелендірілді. Мемлекеттік ауыл шаруашылығы
кәсіпорындарының мүлкін еңбек ұжымдарының мүшелеріне
мүліктік жарналар арқылы бөліп беру іске асты да, ол
жекешелендірукуәліктерменрасталды.Айтакетукерек, тұрақты
жұмыс істейтін ірі кеңшарлардың тұтастығын қамтамасыз ету
мақсатында, 20жыл басшылық жұмыс стажы бар бірінші бас-
шыларына аталмыш шаруашылықтың мүліктік жарнасының
10%-ы біржола меншігіне және басқаруға 10%-ы тағы 5
жылға берілді. Шаруашылық қызметінде тиімді нәтижелерге
жеткен жағдайда бес жылдан кейін мүліктік жарнаның бұл
бөлігі олардың меншігінде қалдырылды. Мемлекеттік ауыл
шаруашылығы кәсіпорындарының өндірістік базасын сақтау
мәселесі қаншалықты маңызды болғанымен, оның негізі
бәрібір жер болды. Бірақ та кеңшарлар мен ұжымшарлардың
жекешелендірілген жерлері кімге қалатын болады, жердің
сапасын, оның құнарлылығын сақтау туралы қамқорлықты
шынында кімжасай алады, жерді беру қандай түрдежүргізілуі
тиіс? Міне, осындай маңызды сұрақтар маған маза бермеді,