Page 353 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
352
шаруашылығында тұрақты экономикалық қарым-қатынас
болмады, ауыл шаруашылығы өндірісінің табыстылығы күрт
төмендеп кетті, сондай-ақ жердің нақты бағасы болмады.
Мұның бәрі ауыл тұрғындарын өздерініңжер телімдерін сатып
жіберу туралы ойластырылмаған шешімдер қабылдауына
итермелеп, кейіннен олардың көбі осы ісіне өкінген болар еді.
Нәтижесінде мұндай реформа тағы да үлкен дағдарысқа, ең
алдымен, әлеуметтік дағдарысқа әкелген болар еді.
Реформаны дайындай отырып, біз, әрине, кеңестік
Жер кодексі жер қатынастарындағы қоғамдық қажеттерді
қанағаттандыра алмайды деген қорытындыға келдік. 1991
жылдың маусымында қабылданған «Жер реформасы ту-
ралы» Заң жерде әртүрлі шаруашылық нысандарының
тиімді жұмыс істеуі үшін экономикалық және құқықтық
жағдайларды жасауға тиіс еді. Сонымен қатар бұл заң жеке
меншік институтын енгізген жоқ. Ол, ең дұрысы, аграрлық
сектордағы дағдарысты ахуалды жою үшін жағдай жасады.
Аталмыш заңның өтпелі сипаты бар екенін бәріміз де түсіндік.
Ауыл шаруашылығында жер қатынастары бұрынғысынша
мемлекеттің жерді жалға беруіне негіздей құрылды.
Аталмышзаңның негізгі бағыттарыжерді неғұрлым тиімді
пайдалану үшін оны кейініректе қайта бөлу мақсатында
арнайы жер қорын құру, ауылдық елді мекендердің шека-
расын белгілеу, жер телімдерін пайдалану құқығын беретін
құжаттарды хаттау және қайта хаттау болды.
Егер ауыл шаруашылығы өндірісінде меншік түрінің
өзгеруі мемлекеттіктен ұжымдыққа, сонан соң – дербестенді-
рілген, жеке меншікке қарай жүрсе, ал ауыл шаруашылығы
өндірісінің басқа салаларында (қызмет көрсету, өңдеуші,
жабдықтаушыжәне т.б.) бұл үрдіс ірі мемлекеттік акционерлік
қоғамдар (МАҚ) құру арқылыжүрді, кейін олар жеке иелікке
көшті. Сөйтіп, меншік түрінің өзгеруі аз тиімділіктен жоғары
тиімділікке қарай кезең-кезеңімен жүрді.