Ж
ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
351
келісесіздер. Ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер
өз проблемасын өздері шешетін, өз пайдасын және басқасын
таба алатын дербес экономикалық агенттер дәрежесіне
көтерілуі керек. Ауыл шаруашылығы да – өнеркәсіп, тасы-
мал және энергетика секілді экономиканың саласы. Оның
өз тауары, өз ерекшелігі және өз артықшылығы бар, демек,
бәсекеге қабілетті және табысты болуына мүмкіндігі бар.
Экономиканың аграрлық секторын реформалаудың бар-
лық кезеңі аталған мақсатқа жетуге бағытталған еді. Эконо-
миканыжүйелі реформалаудың тәжірибесі болмағандықтан,
біз бұл істе бірте-бірте, көбінесе сынақтар пен қателіктер
арқылы жүрдік.
Ж
ер
реформасының
бірінші
кезеңі
,
1991–1994
жылдар
Жергежеке меншік –бұл нарықтық экономиканыңжұмыс
істеуінің міндетті бір шарты. Мен бұл пікірді өзімнің сансыз
көп сөздерімде талай айттым, әлі де айта беремін. Меншіктің
принциптік маңызыбар, өйткені ол тұрақтылық пен сенімділік
әкеледі. Кімге не тиесілі деген сұрақтың жауабына келгенде
күмәнданатын қоғам ұзақ уақыт табысты түрде дамуға үміт
арта алмайды. Оның үстіне, жеке меншік адамның өзін-өзі
қожайын ретінде сезінуін қалыптастырады және жекелеген
бизнесті инвестициялау үшін кепілдік береді.
Екінші жағынан, 1991–1994 жылдары ауыл шаруашы-
лығы мақсатындағы жерге жеке меншікті енгізу көпшілік
ауыл тұрғындарының өз жерлеріне билік етуге дайын бол-
мауыжағдайында келеңсіз зардаптарға ұшырауымүмкін еді.
Өйткені өз мүлкіне ебін тауып билік ету үшін оның шынайы
құндылығын білу қажет және оны біліктілікпен пайдалану
керек.
Біз жерге жеке меншікті енгізуге тікелей көшуді бірденжа-
сай алмадық. Жер реформасының бастапқы кезеңінде ауыл