Page 351 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
350
бастың жауапкершілігінің жоқтығы, бізден басқаның бәрі
кінәлі деушілікте. Кім шешім қабылдауы керек? Кім жауапты
болуы тиіс? Әрине, жер меншігінің иесі, өйткені жер – бар
байлықтың түп негізі. Тіпті, қашан да бір белсенді фермер пай-
да болып, бір нәрсеге сол ұмтылса және барлық жұмысты сол
ұйымдастырса, халық ескі түсінігі бойынша барлық шаруаны,
бүкіл жауапкершілікті соған артатын және барлық нәтижені
содан күтетін. Егер де ол сізді алдаса, сол алдауға жол берген
өзіңіз кінәлісіз. Осыны түсінетін уақыт жетті ғой.
Сонда бізге қандай ауыл шаруашылығы қажет? Мемле-
кеттік бюджеттен бөлінетін қаражатпен ғана өмір сүріп, тек
әлеуметтік қызмет қана атқаратын ауыл шаруашылығы ма?
Әлде, нарықтық экономиканың қатал заңы бойынша өмір
сүріп, кейде тек ең бәсекеге қабілеттісі ғана аман қалатын
ауыл шаруашылығы ма?
Осы сұрақтарды алдымызға қоя келіп, біз бұл екеуінің
бірде-біреуі де таза жеке күйінде біздің қолдануымызға жа-
рамайды деген қорытындыға келдік.
Сол кезеңде өзіміздегі бар тарихи тәжірибеге, сондай-ақ
шет елдер тәжірибесіне сүйене отырып, біз өзіміздікі деген бір
аралас түр жасау қажет болды. Мұндай септесудің нәтиже-
сінде ауылдық аймақтардың, бір жағынан, әлеуметтік сала-
лары мен экономикалық реформаларды мемлекет қолдап
отыратын, екінші жағынан, тыңғылықты дамытылған, сыртқы
нарықта бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы болуы керек.
Былайша айтқанда, біз ауылды мемлекеттік қолдаудан
бас тартпаймыз. Шынында, ол ауылдың әлеуметтік саласы-
на: білім беруге, денсаулық сақтауға, ауыл тұрғындарының
мәдени демалысына, сондай-ақ ауылды көріктендіру мен
олардың инфрақұрылымына қатысты инвестицияға топтас-
тыру керек болды. Қандай да бір табысы мол фермердің
өздігінен ауызсу проблемасын шешуге немесе бір өзі жаңа
трассалар мен жолдар салуға шамасы жетпейтініне, әрине,