Page 350 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
349
бағытталды. Жерді сату-сатып алу заң жүзінде бекітілді.
Сондай-ақ Чех республикасында да 1989жылдан кейінжерге
жеке меншік институты енгізілді.
Осы жер реформаларының барлығы да табысты болды
және аталмышелдер экономикасының дамуына түрткі болды.
Алайда, әділдік үшін айтуымыз керек, барлықШығыс Еуропа
елдерінде іс жүзінде жерге жеке меншік шектеулі мөлшерде
болса да социалистік басқару уақытында да болған. Ал олар-
да жерге жеке меншік институты Кеңес Одағы құрылғаннан
көп бұрын пайда болған-ды. Одақтас республикалардың
бірі ретінде Қазақстанда жер толықтай мемлекеттің иелігінде
болды. Оның үстіне, біздің ауылшаруашылығымыз өзінің таза
кеңестік құлаш сермеуімен және тепе-теңдігі жоқтығымен
ерекшеленген. Яғни, жоғарыда аталған елдердің моделі,
жалпыахуалыжақын болғанына қарамастан, бізде қолдануға
келмейтін еді. Иә, тұтастай алғанда, Қазақстан – ол Эстония
да, Чехия да емес, олар хуторлық жер шаруашылығы деп
аталатын тарихи дамуды бастан өткерген. Қазақстан өзінің
табиғи-климат жағдайы бойынша егін шаруашылығына
онша қолайлы емес, тәуекелді аймаққа жатады. Мұнда
құрғақшылық, көктемгі бозқырау жиі болып тұрады, мұның
өзі агротехникалық дақылдардың өнімділігіне кері әсерін
тигізеді. Көптеген сарапшылар мен ғалымдардың айтуын-
ша, осы себептерге байланысты Қазақстанда жерді өңдеу
мен еңбектің тек ұжымдық түрлері ғана мүмкін делінді. Олай
болса, жерге жеке меншік иесін анықтау да өзінің алғашқы
мағынасын жоғалтады-мыс. Мен мұндай көзқараспен
толықтай келісемін немесе толықтай келіспеймін деп айта
алмаймын. Бір ғана айтарым, тіпті ұжымдық еңбек түрі де
– кім не істейді және кімге не тиесілі деген нақты түсінікке
құрылуы керек. Ұжымшылдықтың негізгі кемшілігі, яғни
күні бүгінге дейін бұрынғы көптеген кеңшарлар мен ұжым-
шарлардың күнәға батып келе жатқанының себебі: жеке