ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
348
Әйтсе де, біздің асығыстық жасауымызға болмады. Ауыл
шаруашылығы реформасының табысты болуы оның орын-
далу мерзімінен маңыздырақ болды. Халқының 40%-ынан
астамы ауыл тұрғындары саналатын біздің республикамыз
үшін аграрлық секторды реформалаудың тек экономикалық
қана емес, сонымен бірге әлеуметтік бағыттылығы да бол-
ды. Өйткені барлық гектарлар, сүт өндірулер мен малдың
күйлілігін арттыру деген ұғымдар атаулының ар жағында
тек кеңшарлар мен ұжымшарлар ғана емес, ең алдымен,
ауылдық жерлердің тұрғындары бар еді, ал олар нарықтық
реформаларға әлі әзір емес еді, демек, әлеуметтік тұрғыдан
өте әлсіз еді.
Біздің алдымызда екі түрлі мәселе тұрды: біріншіден, ауыл
мемлекеттің қолдауына өте мұқтаж, екіншіден, мемлекеттік
қаржыға арқа сүйеген ауыл шаруашылығымыз ешқашан
бәсекеге қабілетті бола алмайды. Осындай пайымдауларды
негізге ала отырып, жаңағы екі мәселені бірдей ескеретін даму
жолын таңдап алу қажет болды.
Ал әзірге ауыл тұрғындары нарықтық қайта құрулардан
тыс қалып келді. Сонымен бірге ауылда түбегейлі нарықтық
қайта құрулардың қажеттілігі барған сайын айқындала түсті.
Дегенмен, шет елдердің тарихи тәжірибесі көрсеткендей,
көптеген елдердің табысты экономикалық дамуы жер ре-
формаларын жүргізу мен аграрлық секторды дамытудан
басталған. Батыс Еуропа, Солтүстік Америка және Австралия
елдері осыжолменжүріп өтті. Ал енді бізге даму үлгісі жағынан
өте жақынШығыс Еуропа елдеріне келсек, Венгрияда жердің
негізгі бөлігі жеке меншік иелігіне 1989 жылдан бастап
берілді. Сол жылы жерге жеке меншік құқығы Польшада заң
жүзінде бекіді. 1990жылыРумынияда қабылданған аграрлық
реформалау бағдарламасы еркін шаруашылық жүргізу
түрін таңдауға, жерді пайдалану мен билік етуге құқығы бар
тиімді жер иеленушілердің кең жүйелі тобын қалыптастыруға