Page 34 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Т
ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ
33
бірінші басшысы Саяси Бюроның мүшелігінен үміткер болу
үшін, Украинадағы секілді, облыстардың санын кемінде 20-ға
жеткізу қажет болатын. Бізде олардың саны19-ға жеткізілген.
Кезекте 20-шы облыс тұр еді Бірақ оған үлгермеді.
Осының бәрі дотациядағы облыстар мен аудандар санын
ұлғайтты. Бірақ та олар экономикалық әлеуеті жағынан да,
адам саны жағынан да қойылған талаптарға сай келмеді.
Есесіне әр облыста, әр ауданда биліктің барлық құрылымы
болды: обком, облатком, облыстық сот, облыстық ІІБ,
облыстық халыққа білім беру бөлімі, облыстық денсаулық
сақтау бөлімі және солардың аудандық бөлімшелері. Мұндай
бюрократтық жеті басты айдаһар кез келген жаңалықты не-
месе бастаманы оң көрмеді. Дәл сол себепті әкімшілік ре-
форма біз жария етіп, қолға алған реформалар шеңберіндегі
алғашқы қадамдардың бірі болды.
1994 жылы оңтайландыруды жүргізудің есебінен біз
19-дың орнына 14 облыс және 230-дың орнына 169 аудан
құрдық. 25 мың қызметкер қысқартылып, миллиондаған
теңгенің қаржысы үнемделді, мұның бәрі зейнетақы мен
еңбекақыны төлеуге жұмсалды. Сол бір Ресейдің өзінде біздің
реформадан кейін, тек он жылдан соң ғана, осыған ұқсас
әкімшілік реформалауды жүргізуге алғашқы талпыныстар
жасалды.
Біз еңбек адамына өз салықтарының есебінен соншама
бастықтыасыраудың қажеті қанша деген қарапайымқисынды
басшылыққаалдық.Жарайды,егердеолардыұстауғаоблыстың
кірісі жетіп жатса бір сәрі. Жоқ, бізде оған керісінше, өзін-өзі
қамтамасыз ететіноблыстар есебінен ақша аударуға тура келіп
отырды. Өздерінің жылы орнынан айырылған шенеуніктер,
әрине, менің бұлшешіміме қарсыболды. Осыныпайдаланған
кейбір саясатшылар мұны әдейі өз мақсатына жарату үшін,
облыстар мен аудандарды қайта құруға шақырды. Бұл
мәселелердің барлығын тек өзі отырған креслосы мен жылы