Ж
ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
347
бізде іс жүзінде ешқашан жерге жеке меншік деген толық
мағынасындағы түсінік болған жоқ. Біздің жеріміз әрдайым
не рудың, не патшалық Ресей, не Кеңес Одағы, ақыр соңы
Қазақстан Республикасы мемлекеттерінің меншігі болып
келді.
Осындай тарихи көрініспен қатар, Қазақстанда жер
реформасының бірқатар мықты ерекшеліктері болды. Ең
алдымен, жерге жеке меншікті енгізу туралы мәселенің
күрделілігі және ол жөнінде бірыңғай қоғамдық пікірдің
болмауы себепті, ауылшаруашылығын реформалау, тегінде,
барлық өткен жылдардан қазіргі кезге шейін созылып келді.
Адамдар жерді жеке қолдарға беруге дайын болмады, ал
онсыз бүкіл ауыл шаруашылығын қандай да бір мағынада
және түпкілікті реформалау туралы сөз қозғаудың өзі
мүмкін емес еді. Сондықтан барлық басқадай салалардан
оның айырмашылығы – бір жерде уақыт бізді тықсырып
асықтырып, енді бір жерлерде біздің алдымызға түсіп алып
озық жүрсе, ал ауыл шаруашылығында біз реформаны
мұндай «жанып-күйіп бара жатқан уақытпен» шектемедік.
Ауыл шаруашылығы мемлекеттің қолдауынсыз күн көре
алмайтынын мойындай отырып, біз, сол жылдарда жария
етілген нарықтық экономиканы құру мен жекешелендіру
бағытына қарамастан, жерге жеке меншік туралы мәселені
кейінге қалдырып, жартылай шаралармен және өтпелі кезең
моделдерімен ғана шектелдік. Десек те, біздің алдымыздан
бой көрсетіп шыққан, мысалы, өнеркәсіптегі проблема-
лар, ауыл шаруашылығында да зәру күйінде қала берді.
Мемлекеттік мүліктің жаппай тонау мен талан-таражға са-
лынуы, бұған қоса азық-түлік тағамдары бағасының күрт
төмендеп кетуі бүкіл елімізде аграрлық және азық-түлік сек-
торын аянышты халге жеткізді. Қаңыраған дүкен сөрелері,
азық-түлік тағамдарының тапшылығы және т.б. аға ұрпақ
есінде ұмытылмастай болып сақталып қалды.