Page 347 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
346
иесінің мәртебесін айқындау және жаңа жер қатынастарын
қалыптастыру қажеттігі туралымәселені алға тартты. Басқаша
айтқанда, нақты меншік иесі – өзіне жауапкершілік алып
шешім қабылдайтын негізгі экономикалық агент кім болуы
керек, соны айқындап алмайынша пәрменді нарықтық тетікті
жасауға болмайтын еді. Және, ең алдымен, мұның өзі ауыл
шаруашылығындағы негізгі құрал ретінде жерге қатысты
болды.
Алайда реформаның алғашқы жылдары жерге жеке
меншік құқығын енгізу қажеттігі туралы бір ауызды пікір
болмады. Ол былай тұрсын, тұрғындардың басым көпшілігі
жерге мемлекеттік иелікті жекелеген адамдардың қолына
берудің заңдылығын принципті түрде теріске шығарды. Ре-
спубликада жерге жеке меншік институтының қалыптасуына
қазақстандықтардың көпшілігінің мұндай көзқараста бо-
луы, ең алдымен, ауыл тұрғындарының жаңа нарықтық
қатынастарға бейімделу деңгейінің төмендігінен еді. Адамдар
тек әлі нарықтық жағдайда өмір сүруді, ең бастысы, жаңаша
ойлауды бастамаған еді.
Сондай-ақ тарихи фактор да айтарлықтай маңызды рөл
ойнады. Қазақстан тарихында жерге жеке меншікті іс жүзінде
толықтай жоққа шығарған қауымдық (рулық) жер пайдала-
ну белең алған кез болған. Әрбір ру өз жерінің аумағында
көшіп-қонған, ал оның шекарасын тікелей ешкім де өзгерте
алмаған. Кейінде, патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізген
1867–1868 жылдардағы әкімшілік реформалары жер мем-
лекет меншігінде болады деген ережені бекітті, онда бұл
жерлердің ауыл-ауылдың пайдалануына берілетіндігі айтыл-
ды. Ақырында, дәл осы заңдық актілердің негізінде патша
үкіметі Қазақстандағы барлық жерлерге өз билігін жүргізді.
Мысалы, Бөкей ордасына Еділ мен Жайық өзендерінің
аралығындағы жер бөлінді де, оның ең шұрайлы өңірлері
казактардың қауымдастығына бекітіліп берілді. Демек,