Page 346 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
345
микадағы өзгерістер үрдісінің объективті дамуындағы
жаңсақтықтардың нәтижесі еді. Әрине, біз дағдарыстар
ахуалынан шығу жолдарын үнемі іздейміз және табамыз
да: бірақ ауылдық тауар өндірушілердің тек тиімді жұмыс
істейтіндеріне мемлекеттің берген қаржысын қайтара
алатындарға ғана барынша көмектесетін боламыз. Үнемі
шығынға батқан кәсіпорындарды өз мойнында ұстауға
мемлекеттің мүмкіндігі де, ықыласы да жоқ».
Республиканың агроөнеркәсіп кешені
қызметкерлері мен қоғамдық өкілдердің салтанат-
ты жиынында сөйлеген сөзінен, 1994 жыл
1994–1996 жылдар ауыл шаруашылығындағы ең
дағдарыстыкезеңболды, оғанбағаның теңсіздігі деп аталатын
жағдай негізгі себеп болды. Мемлекет энергия қуаттарына,
өнеркәсіп тауарлары мен басқа да қызмет түрлеріне бағаны
«босатып» жіберді (ырықтандырды). Негізгі тағамдық азық-
түліктерге бағаның күрт өсуін болдырмау үшін мемлекет ауыл
шаруашылығыөнімдерініңбағасын әлі де іркіп ұстап тұрды. Өз
өнімдерін әлі белгіленген мемлекеттік баға бойынша өткізіп
келген шаруашылықтар бұл жағдайда өндірістің айналым
қаражатын енді нарықтық баға бойынша алуға мәжбүр бол-
ды. Баспа-бас айырбас жаппай етек алды. Өз өнімін сыртқы
нарықта өткеру мүмкіндігі тек аздаған өндірушілерде ғана
болды, сонымен қатар көп жағдайда бұлай өткеру ұшырады,
бір немесе бірнеше делдал жүруі қажет болды.
Барлық қиындықтарға қарамастан нарық ережесі бо-
йынша жұмыс істеуге тырысқан белсенді фермерлермен
арада болған көптеген кездесулер, жаңа экономикалық
жағдайға сәйкес аграрлық реформалар жүргізу қажеттігіне
менің көзімді жеткізді. Экономиканың аграрлық секто-
рында жаңа қатынастардың қалыптасуы, сондай-ақ жерді
тиімді пайдаланбау тенденциясының күшеюі жерге меншік