ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
344
лар мен кеңшарлар болмайды деп айтқанымда, олардың
99%-ы мұны әдемі қалжың ретінде қабылдайтын еді. Сол
есімде қалыпты.
Біздің тарихымыздың өзіне тән қайшылығы сол, мен
осы идеяларды тың және тыңайған жерлерді игерудің 40
жылдығына арналғанкеңестежария еттім. Қазақстанныңауыл
шаруашылығын дамытуда, тұтастай алғанда, бүкіл еліміздің
дамуында тың жерлердің қандайлық орасан зор маңызды
болғанын біздің барлығымыз түсінеміз. Бұл деректі жоққа
шығару ақылсыздық болар еді, бірақ та кеңестік басшылық
ойлағандай, бәрі де теп-тегіс, тамаша бола қойған жоқ.
«Егер де бүгінгі нарықтық көзқараспен тың экономи-
касының оң мен теріс жақтарына талдау жасап байқасақ,
онда сондайлық көріксіз бейне көрініс береді, бірақ маған
ол туралы айтпасқа болмайды. Осы 40 жылдық тарихтың
10жылымүлде құрғақшылықжыл болды. Қазақстанның өзі
астық пен мал жемін жиі сырттан сатып алуға мәжбүр бол-
ды. Кейбір жылдары мұндай сатып алулар 2 млн тоннадан
астам көлемге жетті. Ауылдық жерлердің қарыздарын осы
40 жыл бойына жыл сайын мемлекет жауып келді. Соңғы
бесжылдықта шамамен 350 шаруашылық үнемі шығынға
ұшырап келді, яғни әрбір бесінші шаруашылық осындай
күйде болды. Жалғыз ғана принцип үстем болды – қайткен
күндеде, қандайсападаболсадаастық. Тек1992жылығана
астықтың орташашығымдылығы еңжоғарғыдеңгейде бол-
ды– гектарына 14,8 центнерден келеді. Осы40жылдың тек
13 жылында ғана көрсеткіш 10 центнерден асты. Әлемдегі
бірде-бір ел өз ауыл шаруашылығында мұндай деңгейдегі
шығынды көрген емес. Ол баяғыда-ақ банкротқа ұшыраған
болар еді. <...>
Біздің агроөнеркәсіп кешеніміз қазір ең қиын уақытты
бастан өткеріп жатқанын да өзіміз айқын сезінеміз.
Бұл тың стратегиясы мен тактикасындағы және эконо-