Page 33 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
32
нақтылықпен қарап, дұрыс қорытынды шығарса және ақыр
соңында келісіп әрі сындарлы жұмыс істесе деген ой болды.
Бұл тәуелсіздіктің үшінші жылы еді, халыққа енді өткенге
қайтып оралуға болмайтынын ашық айту керек болды.
1994 жыл көптеген аспектілерде бетбұрыс жылы болды.
Меморандум ақша-несие және банк жүйелерін түбегейлі
реформалауды көздеді. Елімізде жарты жылдан бері ұлттық
валюта қолданылып жатқан. Келесі батыл қадам теңге баға-
мын тұрақтандыру мен жойқын инфляцияны ауыздықтауға
бағытталды. Мемлекет қалыптасқан дағдарыс жағдайынан
шығудыңжалғыз ғанажолыретінде қаржыны тұрақтандыруға
жетуді негізгі міндет етіп қойды.
Біз азаматтарымызға мемлекет өзінің барлық шығын-
дарын, бұған қоса түрлі тікелей және жасырын дотация-
ларын, субсидияларын, сондай-ақ мемлекеттік органдар-
ды ұстаудың шығындарын қысқартатынын тура айттық.
Үкіметтен бюджеттік кірістер мен шығыстарды қатаң
бақылау талап етілді. Экономиканың жекелеген салалары
мен тармақтарының пайдасын көздеп немесе оларға қысым
жасап ықпал етушілік атаулының жолы кесілді. Мемлекеттік
бюджет мемлекеттің саяси құралы болып табылатыны, оның
корпоративтік, аймақтықжәне басқа да мүдделер үшін талан-
таражға салынбайтыны мемлекеттік деңгейде мәлімделді.
Үкімет үшін екінші бір маңызды мақсат – көлік, энергети-
ка және минералдық ресурстар секілді түйінді салаларға
шетелдік ірі инвестицияларды барынша көбірек тарту болды.
Бұл кезеңдегі тағы бір елеулі оқиға Ұлттық Банктің Жоғарғы
Кеңес пен Үкіметке тәуелсіздігі болды.
Дәл осы уақыттамемлекеттік аппараттықысқартужөнінде
бұрын-соңды болып көрмеген шаралар жүргізілді. Кеңес
өкіметі кезінде облыстар мен аудандар санын көбейту үшін
орталықтан ақша қағу сәнге айналған еді. Бұл мемлекеттік
шенеуніктер санын тым ұлғайтып жіберді. Республиканың