Page 338 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
337
бірі – ел экономикасының кезеңді өсуі үшін жағдай жасау
және гиперинфляцияны жеңу еді.
Мемлекеттің қолдауы мен реформалардың арқасында
біздің қазақстандық бизнесмендермен азаматтар, үйден ұзап
шықпай-ақ, банктер мен қаржы қызметтерінің барлық түрін
пайдалануға мүмкіндік алды.
Қазірдің өзінде Қазақстанда аттары әлемге әйгілі
қаржы мекемелерінің өкілдіктері жұмыс істейді. Біздің отан-
дық коммерциялық банктер әлемдік қаржы секторында
жинақталған ең қымбат құндылықтарды іс жүзінде меңгеріп,
олармен тепе-тең жағдайда бәсекелестікке түсуде. Бұған
қоса, отандық капитал өз филиалдарын ашып және сыртқы
нарықты игере отырып, шет елдерге шығуда. Сонымен
бірге біздің нарықты жаңа қаржы құралдарымен байытып,
толтыру қажет. Әңгіме, ең алдымен, жобалық облигация-
лар туралы болып отыр. Оларды басып шығаруға еліміздің
экономикасы үшін маңызды бірнеше инвестициялық жо-
балар іріктеліп алынды. Ол үшін темір жол және автокөлік
жолдары, вокзалдар мен теңіз айлақтары құрылысы
жөніндегі инфрақұрылымдық жобалар сай келетін еді. Жаңа
инвестициялық жобаларды мемлекеттік даму институттары-
мен бірлесе отырып, халықаралық қорларға шығару қайта
құрылған өндірісті қаржыландыруға мүмкіндік туғызып,
дамудың Индустриялық-инновациялық стратегиясын жүзеге
асыруға түрткі болатын еді.
Мұның бәрі әлемдік еңбек бөлінісінде лайықты орын алу
мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру, сондай-ақ посткеңестік
кеңістікте интеграциялық үрдістерді одан әрі дамыту мақса-
тында экономиканы құрылымдық диверсификациялауға
көшуге мүмкіндік береді.
Бұл бағытта біз қабылдағаншаралар басқа мемлекеттер-
дің орынды қызығушылығын тудыруда. Біздің іс-тәжірибе-
мізге ерекше ынта білдірген көптеген елдерден қонақтар