Page 339 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
338
келуде. Менің сапарларым барысында да бұл елдердің
өкілдері осы туралы жиі сұрайды. Есте қаларлығы сол, басқа
елдердің іскер топтарының өкілдерімен, саясаткерлермен,
әлемніңжетекші оқу орындарында білім алыпжүргенжастар-
мен кездесулерімде олар біздің қаржы жүйемізге таңданыс
білдіреді. Олардың көз жанарында бір ғана сұрақ тұрады:
«Таяуда ғана әлемнің шеткі аймағы болған бұл ел, мұндай
табыстарға қалай жете алды? Қазақстандық компаниялар
біздікілермен енді қалайша тығыз қызмет жасайды, қалайша
олардың стратегиялық әріптесі болып табылады?»
Мен ойлаймын, мұның бәріне біз жүргізген, соның ішін-
де қаржы секторындағы реформалардың арқасында
қол жетті, сондай-ақ бұрын да айтқанымдай, тағы адам
факторының маңызын ерекше атап айтамын. Әрине, бұл ту-
ралы тараудыңбасында айтқанымдай, біздіңқаржыжүйесінің
барлық ерекшеліктерін бір тарауда ашып көрсетумүмкін емес,
бұл – тек оның қалыптасуының небәрі қысқаша тарихы.
Енді біз осы күш-жігеріміздің жемісін көріп отырмыз.
Қа­зақстанда, негізінен, нарықтық экономиканы құруға
бағытталған институционалдық қайта жаңарулар аяқталды.
Соңғы жылдары біздің еліміз экономикалық өсудің жоғарғы
қарқынын тұрақты ұстап келеді. Көбіне экономикалық
дамудың табыстары Қазақстан қаржы жүйесінің дамуымен
ерекшеленеді. Елімізде зейнетақы жүйесі мен дамыған
инфрақұрылымы бар қаржы нарығы жұмыс істейді. Мен
соны мақтан етемін. Бірақ бізге қол жеткен жетістіктермен
тоқмейілсуге болмайды. Бізде алдағы келешегіміз үлкен, мен
оған сенемін.
Мен банк секторын әрқашан қорғадым және жан-жақ­
ты қолдадым. Кезінде біз осы жүйені дамытуға бар күшімізді
бағыттадық, бұл Қазақстан экономикасының сенімді қар­
жыландыру көзін алуына жағдай туғызды. Түбірлі қайта
құрулар жүргізілді және қажетті заңдар жедел қабылданды.