Page 337 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
336
дер кезінде проблемаларды көре білдік және олардың тез
шешілуіне қолайлы жағдайлар туғыздық.
Қазір қазақстандық жаңа форматтағы жас менеджер-
лер дүниежүзілік қаржы жүйесінде танымал болуда. Осы
жетекшілердің көбін мен жеке білемін, бұлардың көпшілігіне
аяқтарынан тік тұрып кетуге жағдай жасадық, басқаша
айтқанда, «өмірлеріне жолдама бердік». Екінші деңгейдегі
банктердің қалыптасуының жүруі оңай болған жоқ. Бұрынғы
ескілербіржағынанжұмысынжалғастыраберді,шаруашылық
жүргізуші субъектілер, жеке меншіктегі және мемлекеттік
кәсіпорындар да, сол сияқтыжергілікті жердегі бюджеттер де
несиелер алдыжәне заңның әлсіздігін пайдаланып, банктер-
ге ақшаларын қайтармады. Бұл кейде банктер үшін күрделі
проблемаларға айналып отырды.Мысалы, менің өзім тікелей
«Қазкоммерцбанкке», «Халықбанкіне», «ТұранӘлем» банкіне
осындай несиелерді қайтаруына көмектестім. Уақыт солай
болды. Олар менің тікелей көмегімді қажет етті.
Бір жағынан, банктер жүйесінің батыстық стандарттарға
сәйкес дамуына 90-жылдардың басында менің шетелдік
сапарларымда үнемі бірге еріп барған адамдардың бәрі де
ықпал етті. Осы ресми сапарлар барысында олар «әлемдік
бизнестің алыптарымен» танысып, дүние жүзінің жетекші
банктері мен компанияларында тәжірибе жинақтады,
батыстың алдыңғы қатарлы атқарылған жұмыстарын өз
қызметтеріне енгізіп, қаржы қызметінің принциптерін
қабылдады. Қазір қазақстандық банктер ТМД аумағында ең
жоғары рейтингке ие болып отыр.
Ең бастысы, банк жүйесінің қалыптасуы бұрынғы Одақ
аумағындағы өте жоғары дамыған жүйенің бірі болып та-
былады.
Халық банкі жүргізген дербес ақша-несие саясаты сол
жылдардың экономикалық шындығын ескерді және соны-
мен бірдей болды. Бұл саясаттағы ең тиімді жетістіктердің