Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
335
Қазақстан экономикасына қатыстыкөптегенжағымдыба
ғалаулардың ішінде, 2002 жылы желтоқсанда Халықаралық
валюта қоры миссиясының кеңесшілері берген бағаны
келтіруге болады. Олардың бағалауында, «соңғы жылда-
ры Қазақстан экономиканы тұрақтандыруда айтарлықтай
табыстарға жетті. Орта және ұзақ мерзімдегі кезеңдерге
төтеншеқолайлыкелешегі бар. Халықаралықвалютақорының
ресурстарына мұқтаж емес» деп атап көрсетілді.
«2002жылыжелтоқсанда айтылғандай, Халықаралық
валюта қорының Қазақстандағы өкілдігі 2003 жылы та-
мызда жабылады. Бұл шешім Қазақстанның экономиканы
тұрақтандырудағы әсер қалдыратындай табыстарының,
экономиканың орта және ұзақ мерзімдегі болашағының
елдегі Қордың ресурстарын болашақта пайдалануға
мұқтаждықтың тууына қажеттіліктің барынша аздығы
нәтижесі ретінде қабылданды».
Халықаралық валюта қорының
Қазақстан Республикасы үшін
IV Бапқа сәйкес Консультациясы бойынша
қорытынды мәлімдемесінен, 10 наурыз 2003 ж.
Отандық қаржыжүйесі өткен қалыптасужолын еске түсіре
отыра, біздің дұрыс шешім жасағанымызға, өзіміздің, даму-
дың қазақстандық жолын таңдап алуымыздың дұрыстығына
менің көзім тағы да жете түседі. Осы туралы көп адамдар
айтуда. Бұл және қаржы жүйесінің халықаралық стандартқа
сәйкес келуі, ол дүниежүзілік қауымдастық мойындайды. Бұл
және дүниежүзілік аты бар жетекші қаржы мекемелерінің
біздің банктермен және компаниялармен бірігіп істеген
жұмыстары. Бұл және Қазақстан компанияларының ТМД
кеңістігіне жасай бастаған «экспансиясы». Дәлірек айтқанда,
мемлекеттің қаржы секторымен әріптестігінің арқасында, біз