Page 333 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
332
Сірә, осылардың бәрін дүниежүзіне дәлелдеуге тырысқаннан
гөрі, алдымен өзіміз ұғынып алуымыз керек сияқты.
Осы ақшаның барлығына Қазақстанның Қазынашылық
мекемесі мен Қаржы министрлігі қатаң бақылау жасап
отырады. Осы ақшалардың барлығы, оның ішінде мұнайдан
түсетіндері де, бюджетке құйылады. Бюджетке мұнайдан
түсетін штаттық түсімдер бүгіндері жалпы көлемнің 26 пайы-
зын ғана құрайды. Қазір бұл сомалар басы ғана болса, ал
болашақ көлемі – әлі алда.
Сонда, осы ақшалар қайда кетеді? Біріншіден, олар
бюджетке түсіріледі. Мысалы, ол биылғы жылы 14,5 млрд
АҚШ долларына тең, яғни 1,5 триллион теңгені құрады.
Байқайсыздар ма, біз триллион деген тылсым саннан ат-
тап өттік! Екіншіден, болашақ ұрпақтардың Ұлттық қорына,
яғни олардың тұрақтандыру қорына 10 млрд АҚШ доллары
жинақталады.
Көріп отырсыздар, әрбір тиын есепте. Біз жыл сайын
баспасөзгененіңқайдакететінінүнемі жариялап тұрамыз. Яғни
осы істің барлығы транспарентті және ашық. Мұнай туралы
айтатын болсақ, біздің ресурстарымыздыигеруші шетелдіктер
төлейтін салықты, әлеуметтік салықты, жер қойнауы, эко-
логия, еңбек үшін төленетін корпоративтік салықты қосып
санағанда, осымұнай компаниялары табыстарының 70 пайы-
зынан астамы Қазақстанның қазынасына түседі екен. Мен
ішкі жалпы өнімнің өсімін 3,5 есеге жеткіземіз деп айтқанда,
ішкі жалпы өнімді жан басына шаққанда 5800, ал одан әрі
9000 долларға жеткіземіз деп айтқанда, экономикадағы осы
салалардың дамуына сүйеніп айтамын.
Біз қазір Қорға жекешелендіруден түскен ақшаны да
салудамыз. Бірақ соның ауыл шаруашылығын дамытуға
(1150 млн теңге), тұрғын үй құрылысына, индустриялдық
бағдарламаға кететін бөліктері бар. Біз өзіміздің даму ин-
ституттарымызды, даму банкін және даму қорын және т.б.,
капиталдандырдық.