Page 332 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
331
табысқа тәуелді болуы керек. Мәселен, таяу онжылдың ішінде
мұнай өндіруден ғана түсетін табыс, сарапшылық бағалау
бойынша, 20 млрд АҚШ доллары көлемінде болуы мүмкін,
осыған байланыстыҚор көлемініңжоғарғышегін белгілеудің
ешқандай да мәні жоқ.
Сонымен қатар Қор өз дамуының бастапқы кезеңінде
тұрғанын мойындауымыз қажет. Оның табыстылығы көбіне-
көп оны басқарудың кәсіби шеберлігі қаншалықты дәрежеде
болуына байланысты. Мемлекет біздің жинаққа қанша
бөлетінімізді және бюджетке қанша қалдыратынымызды
айқын білуі керек. Қорды толтырудың әртүрлі нұсқаларының
динамикасын, дүниежүзілік нарықтағы экономикалық
дамудың көріністері мен ахуалдарына байланысты алдын
ала қарастырып отыру қажет.
Экономиканың бәсекеге түсу қабілетін көтеру және
«голландық ауруды» болдырмау мақсатында ақша-кредиттік,
фискалдық саясаттыжәнешикізат секторынан түсетінпайданы
басқаруды, қазіргіден әлдеқайда тығыз үйлестіруді ойлану
қажет. Осы бағытта белгілі бір қадамдар жасалды да.
Мәселен, 2005 жылдан бері қарай Ұлттық қор бюд-
жет жүйесінің бөлінбейтін бөлігі ретінде қызмет жасап
келеді. Бұл Ұлттық қор мен бюджет үшін нақты жағдайды
көрсете алады. Сонымен қатар, орта мерзімді немесе ұзақ
мерзімді перспективаға арналған, Ұлттық қордан бюджетке
трансферттеудің кепілді анықтамасының нақты тетігі жаса-
лынуда.
Жалпы, Ұлттық қор, оның ішінде мұнай экспортынан
түсетін табыс мәселесі – журналистер мен басқада көпшілік
үшін ең қызықты тақырып болып қалмақ. Бүгіндері біз негізгі
табысты түсті металдардан, мыс өткізуден, қорғасын, мырыш,
алтын, аллюминий, ферроқортпа, минералды тыңайтқыштар
және жыл сайын 5-6млн тонна астық экспорттаудан табамыз.
Қазақстан дегеніміз – бұл тек мұнай, газ, көмір ғана емес.