Page 334 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
333
Мұнай ақшасын бізге үнемі құбыжық етіп көрсететін
«голландық ауруды», экономиканың «қызып кетуін» және
т.б. проблемаларды тауып ала отырып та, жұмсауға болады,
немесе, оларды осы болжамдарға қарамастан, экономиканы
нығайтуға, елімізге қажетті басымдықтарды қолдауға және
дамытуға жұмылдыруға да болады. Мұнай бағасы жоғары
болған осы кезең, бәлкім, Қазақстан үшін дүниежүзілік
экономикада және жалпы дүние жүзінде «күн астында күн
көру үшін» қатаң күреске түсудің қарсаңындағы бой жинау
мен күш жинаудың мүмкіншілігі болар. Бұл – қазіргі біздің
артықшылығымыз, бірақ біз мұнай долларларына сеніп отыра
бермеуіміз керек. Бұл уақытты старт алдындағы кезең деп,
мүмкін, Тарихтың бізге тыныс алу үшін берген уақыты деп
түсінген дұрыс болар. Біз не нәрсеге дайындалуымыз керек?
Әрине, өзіміздің болашағымызға. Қатаң бәсекелестікке.
Сыртқы дүниенің күш сынасуына. Қазақстан жолын осы 15
жылдан бастап қана басталғанына сенемін. Ең қиыны мен
қызығы – алда.
Біз барлығын бастағанда мемлекеттің қазынасы бос еді,
бүгіндері өзіміздің резервтеріміз туралы айтуға жеттік. Аллаға
шүкір!
Мен жоғарыда айтқандай, теңгені енгізер алдында бізде
тіпті соған керекті 500 млн АҚШ доллары көлеміндегі алтын
валютаның резерві де жоқ болатын. Қазір біз 25 млрд АҚШ
долларына тең валюта қорының иесіміз.
М
ақтаудың
ең жақсысы
мойындау
Қазақстанның экономикалық дамуының жоғарғы баға-
сы халықаралық қауымдастық тарапынан тартымды инвес-
тициялау рейтингін алу болып табылады. Қазақстан ТМД
елдерінің ішінде бірінші болып инвестициялау деңгейінің
рейтингін дүние жүзіне белгілі үшбірдей агенттіктерден алды.
Олар: «Moody‘s», «Standart & Poor‘s» және «Fitch Rating‘s Ltd».