ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
330
инновациялық даму стратегиясы шеңберінде Даму банкін
капиталдандыруға 24,3 млрд теңге, Инвестициялық қорға –
23 млрд теңге, Инновациялық қорға –11,5 млрд теңге, экс-
портты сақтандыру жөніндегі Мемлекеттік сақтандыру корпо-
рациясына–7,7млрд теңгежіберілді. Сол сияқты2005жылға
арналғанбюджеттенҚазақстанныңДамубанкіне,Инжиниринг
және трансферт технологиясы орталығына, Маркетингтік-
аналитикалық зерттеулер орталығына, Инновациялық қорға
қаржы бөлу қарастырылды. Ұлттық қордың қаржысынан
Ауылшаруашылығын дамыту бағдарламасыменИпотекалық
тұрғын үй құрылысы бағдарламасы қолдау алды. Сонымен
бірге, 550,5 млн теңге ақпараттық технологиялар паркінің
дамуына бөлінді. Осы кешенді шараларды іске асыру эко-
номиканы диверсификациялаудың өсуіне жағдай туғызады
деп жоспарланды.
Жекелей атап айтқым келетіні, Қордың көлемін кеңейте
отырып, сонымен бірге Қорды басқарудың тиімділігі және
осы процестің жұрт көретіндей ашықтығы үшін Ұлттық банк
пен Үкіметтің жауапкершілігін көтеру қажет деп есептеймін.
Мен бұл жерде Қорды толтырып отыратын жаңа көздерді
іздестіруді ғана айтып отырғаным жоқ, қолда бар қыруар
соманың жоғарғы тиімділікте қызмет жасағанын және
инвестицияланғанын көргім келеді. Өйткені, Қордың көлемін
ескере отырып, таяу арада Қордың тұрақтандырушы және
жинақтаушы бөліктері арасындағы арасалмақтары, соның
ішінде ұзақ мерзімді жоспар түрінде де анықталады. Біз
өзіміздің ұзақ мерзімді инвестициялау стратегиямызды сөз
жүзінде емес, іс жүзінде де ұстануымыз керек. Табыстылықтың
қысқа мерзімді ауытқулары инвестициялаудың жалпы стра-
тегиясына түбегейлі ықпал етпеуі керек.
Қордың көлемі туралы мәселе де аса маңызды болып
табылады. Бұл көлемшикізат ресурстарынан Қорға бөлінетін