Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
329
рынан асып түсіп, 12 087,39 млн АҚШ долларына жетті.
Жинақталған сома екі жарым жыл уақытқа, яғни мұнай
бағасының құлдырауыбола қалғанжағдайда ақша біржарым
– екі жылға жетеді, бұл мемлекеттің өзіне алған әлеуметтік
міндеттемелерін толық атқаруына мүмкіндіктер береді.
Сондай-ақ, бұл көрсеткіш Каспий теңізінің қазақстандық
секторын жоспарланған кең көлемде игеруге және мұнай ре-
сурстарын экспортқа шығаруға байланысты өсе бермекші.
2010 жылға қарай мұнай шығару 100 млн тоннадан ас
пақшы. Осыған байланысты валюта бағамына түсетін үлкен
салмақты ескере отырып, ақшамассасын стерилдеудің қуатты
құралы ретінде Ұлттық қордың қызметі үнемі өсіп отырмақ.
Ақша массасын Қордың және Ұлттық банктің күшімен бір
ғана стерилдеуменшектепқалуға, сөзжоқ, болмайтыншығар.
Түсіп жатқан ақша ағымын экономиканың шынайы секторы
игеруі қажет. Осы бағыттағы қозғалыс қана бағалы қағаз
нарығының толыққанды жұмыс істеуіне мүмкіндік береді,
банк құрылымдарын капиталдың салааралық түсімдерінің
қызметіне назар аударуға итермелейді; капиталдың осы
түрінің валюта-қаржы саласындағы және экспортқа бағыт
ұстанған салалардағы біршама артық болуы, бәсекелік
әлеуеті жеткілікті, бірақ нарықта үлкен қолданыс таппаған
өңдеуші өнеркәсібіндегі, ауыл шаруашылығындағы капитал
тапшылығымен қатарласа жүреді.
Бұл ақшалар тек қана тұрақтандырушы рөл атқарып
қоймайды, сонымен бірге олар мұнайға деген бағаның
төмендеуі жағдайында, өзінше бір сақтандырушы да бо-
лып табылады. Оны дұрыстап пайдаланғанда ғана үстеме
пайда біздің экономиканың түрлі салаларын жаңғырту
және дамытудың негізгі көзіне айналары анық. Сондықтан
да, қорды толтыруға бағытталған қаржының бір бөлі-
гін біз мемлекеттік даму институттарын капиталданды-
ру үшін пайдаландық. Атап айтқанда, Индустриялық-