ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
328
бөлу туралы келісімдер бойынша Қазақстанға тиетін үлесі.
Жинақтау қызметін іске асырумақсатында қорреспубликалық
және жергілікті бюджеттердің трансферттері есебінен,
жоғарыда көрсетілген түсімдер бойынша жоспарланған
соманың10%-ынан құралады.
Басқарумәселесін құрамынаҚазақстан Республикасының
Президенті, Сенат пен Мәжілістің Төрағалары, Президент
Әкімшілігінің басшысы, Премьер-министр және оның Бірінші
орынбасары, Ұлттық банктің Төрағасы, Қаржы министрі,
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, сол сияқты
Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі
санақ комитетінің төрағасы кіретін Кеңес шешеді. Көріп
отырғанымыздай, Кеңеске мемлекеттік биліктің атқарушы
және заңшығарушы тармақтарықатыстырылған, алмұның өзі
мүдде қақтығыстарын мүлде болдырмайды. Кеңестің барлық
шешімдері алқалы түрде қабылданады. Кеңес мүшелерінің
ешқайсысы Қордың активтерін жеке-дара пайдалана ал-
майды. Қорға Парламент бақылау жасайды; демек, ол шын
мәнінде халық пен елдің резерві болып табылады.
Қордың активтерін тікелей басқаруды, инвестициялық
стратегияға сәйкес, сенім көрсету арқылы басқару тура-
лы Үкіметпен арадағы Келісімшарттың негізінде, Ұлттық
банк жүзеге асырады. Инвестициялық стратегия қордың
инвестициялық операцияларын жүзеге асырудың жалпы
тәртібін, соның ішінде, валюталар, құралдар кластары, сыртқы
басқару және кастодиан негізінде түрі мен үлес салмағы
бойынша шектеулерді анықтайды. Сонымен қатар ол қорды
басқару кезінде пайда болатын тәуекелділікті басқарудың,
эталондық портфельді таңдаудың, Ұлттық банктің қорды
сенім арқылы басқару қызметі бойынша Үкімет алдында есеп
беруінің мерзімі мен мазмұнының тәртіптерін белгілейді.
2006жылдың1қарашасындаҚазақстанРеспубликасының
Ұлттық қорының активтері он екі миллиард АҚШ долла-