Т
ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ
31
еді. Үшінші. Жүйелі және кең көлемді экономикалық ре-
формалар бағыты таңдап алынды. Төртінші . Сыртқы
экономикалық әріптестерді таңдаудағы прагматизм және
тұтастай прагматикалық сыртқы саясат.
Идеологиялық жаңарудың мән-мағынасы мынадай
төрт бөліктен тұрды. Біріншіден, ұлтаралық келісім. Біз бұл
идеяны кейінгі жылдары тамаша жүзеге асырдық. Екіншіден,
ішкі ұлттық бірлік. Біз ру мен жүз, аймақтар және басқа
да аумақтық бірліктер бойынша қазақтардың өздерінің
жікке бөлінушілігін болдырмауға қол жеткіздік. Көптеген
елдер үшін, бүгін біз көріп отырғандай, бұл тек актуальды
ғана емес, қайта қатаң саяси проблема түрінде сақталып
келеді. Үшіншіден, қазақстандық қоғамды жаңғырту иде-
ологиясы жария етілді. Азаматтық қоғам институттарын,
көппартиялылықты, тәуелсіз ақпарат құралдарын, үкіметтік
емес ұйымдарды құру – осының бәрі жаңартылған идеология
жүйесіне кірді. Ақыр соңында біз діни қозғалыстар әлеуетін
де дұрыс бағаладық және діни төзімділік пен дін ұстанушы-
лар бостандығы қажеттігін қағида етіп алдық.
Бұл ережелердің бәрі де уақыт сынынан сүрінбей өтті.
П
резидент
М
еморандумы
, 1994
жыл
Алғашқы табыстарға қарамастан, әлі де шешімін
таппаған көптеген проблемалар жинақталып қалған еді.
Мені ерекше алаңдатқан соның бірі – адамдардың болып
жатқан өзгерістерді қабылдамауы болды. Экономиканың
қатаң құлдырауы мен дағдарысы жағдайында мен Жоғарғы
Кеңестің отырысында «Президенттік Меморандум» де-
ген атпен мәлім болған Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесіне Жолдаумен шығып сөйледім. Ондағы басты мақсат
мемлекеттік биліктің жоғарғы эшелоны, сондай-ақ саяси
партиялармен бірлестіктер Қазақстанда қалыптасқан ахуалға