Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
327
бас тартып отыр, өйткені олар бұдан халықты масылдыққа
ұрындыратын қауіпті көруде. Исламның екі қасиетті орнының
сақтаушысы, Сауд Арабиясының королі маған арабтарды
өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында қайтадан жұмыс
істетудің аса қиындығын айтқан еді.
Сонымен бірге, нарық экономикасында мемлекет адам-
ның өз әлеуетін мүмкіндігінше толық қолдануына және сол
үшін әділетті сыйақы алуына жағдай туғызуы қажет. Өнімді
еңбекке ынта барынша мол болуы керек. Осындайжағдайлар
жасалмаса, тұрғындардың көп бөлігі дивиденд алуды
күтетін болса, бұл масылдықты туғызады. Тарихи тәжірибе
көрсеткендей, «бәрін алу керек те, жұртқа бірдей қылып бөліп
беру керек» дейтін жораны алып қолдана салу орны толмас
апатты зардаптарға соқтыратыны сөзсіз.
Менің ойымша, кітапта Ұлттық қордың тетіктерін ашу қор
құрудың пайдалы екенін және жалпы алғанда оның еліміздің
экономикасына тигізетін маңызын жан-жақты түсінуге мүм-
кіндік береді. Іс жүзінде, Ұлттық қор заңды тұлға болып та-
былмайды, шынтуайтында ол Үкіметтің Ұлттық банк есепшот-
тарында шоғырланған қаржы активтерінің жиынтығы болып
табылады. Қор екі бірдей қызмет атқарады: бірі – жинақтау
(болашақ ұрпақтар үшін жинақтарды қалыптастыру), ал
екіншісі – тұрақтандыру (бюджет түсімдерінің дүниежүзілік
бағаның жағдаятына тәуелділігін азайту).
Тұрақтандыру міндетін атқаруды қамтамасыз ету үшін
шикізат секторындағы ұйымдардан бюджетке түсетін салық
және басқадай міндетті төлемдердің, республикалық
және жергілікті бюджеттерде бекітілген сомадан артығы
қаржы қорына аударылады. Бұл түсімдерге жататындар:
корпоративтік табыс салығы, қосымша құнға салынатын
салық, жоғары пайдаға салынатын салық, бонустар, роялти,
ауылшаруашылық мақсатындағыжер бөліктерінмемлекеттің
жеке меншікке сатуынан түсетін, өнімдер мен қаржыны