Page 327 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
326
Сонымен бірге әділетті сын ескертулер де болды.Мысалы,
қорды құруға қарсы болғандар оның активтерін шетелдерде
орналастырғандағана,олшетелдіңэкономикасынинвестиция-
лау болып шығады, ал Қазақстанның өзі де инвестициялауға
мұқтаж емес пе деген дәйектерді алға тартты.
Осындай ескертулер қордың қызметін жетілдіру бары-
сында үнемі ескеріліп отырды. Қазіргі кездегі әлеуметтік-
экономикалықдамудыңкөрнекі түрдекөрсетіпотырғанындай,
егер біз қаржыны сыртқа шығарып, инвестицияға жұмса-
мағанда, елдегі инфляция деңгейі әлдеқайдажоғарыболатын
еді.
Қазір қордағыжинақ, бір жағынан, біздің экономиканың
тұрақтылығын біршама күшейтуге, екінші жағынан, басқа
елдердің Қазақстанға деген сенімін көтеруге қызмет істейді.
Сонымен бірге, қазіргі кезде басқа түрдегі ескертулер
де пайда болды. Бұл ескертулердің мәні, Ұлттық қордың
активтерін әлдебір қордың қолына беру керек, сонда оған
бүкіл қазақстандықтар қатысушылар болады дегенге сая-
ды. Президентті сайлау науқаны кезінде біздің оппозиция
елдің бәріне ортасында 17 мыңдық теңгенің фотосуреті бар
қағаздарды үлестірді. Егер де олар жеңіп шықса, әркімге
осынша ақша үлестіруге уәде берді. Сонда осы ақшаларды
олар мұнай қорынан төлемек болды. Осының бәрі біздің
істеген ісімізбен салыстыруға келе ме? Біз зейнеткерлердің
зейнетақыларының көлемін кәдімгідей көтеріп тастадық,
бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің еңбекақысын 30%
көтердік, көп балалы аналарға, мүгедектерге төлемдер
көлемі артуда, жұмыс орындары жасалуда. Бұл дегеніңіз –
адамдардың қамын нағыз ойлау ғой.
Бірақ біз «әрбір сіңліге – бір сырғадан» дейтін принцип
бойыншаменшікті қайтабөлугежолбермеуіміз керек.Мұндай
болған. Халыққа ақша таратқан Сауд Арабиясының мысалын
келтірсек те жетеді. Бүгінгі күндері олар мұндай қадамнан