Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
325
ел тұрғындарының қартая бастауы және мұнай өндіру
көлемінің төмендеуімен тікелей байланысты еді. Сондықтан
ол әрі жинақтаушы, әрі тұрақтандырушы қор болып табы-
лады. Ол, ең алдымен, ұзақ мерзімді болашақта бюджет
саласының тұрақтылығын қамтамасыз етуі керек. Олардың
заңнамасына сәйкес, үкімет қордың қаражатын таяу арадағы
мақсаттарға (мысалы, егер бюджеттің табыстары төмен
түсіп кетсе) және, айтайық, мұнай өндірудің төмендеуіне не-
месе әлеуметтік шығындардың өсуіне байланысты, бюджет
табысының көлемін теңестіру үшін – ұзақ мерзімді болашақта
пайдалануға парламенттен рұқсат сұрайды. Үкімет немесе
қаржыминистрлігі осы қордың қаржысын инвестициялаудың
негізгі бағыттарын анықтайды, сол сияқты «тұрақтандыру»
құралдарын пайдаланудың тиімділігін бағалайды. Қор
активтерін күнделікті басқару елдің орталық банкі арқылы іске
асырылады. Қазіргі уақытта Норвегия Тұрақтандыру қорының
активі мемлекеттік облигациядан, яғни компанияның
мұнаймен байланысты емес бағалы қағаздарынан тұрады.
Оның моделі Қазақстанның мүддесіне әлдеқайда толық
жауап беретін, өйткені біздің елдеріміздің әлеуметтік-
экономикалық даму кезеңдерінде сәйкес келетін көптеген
ұқсас өлшемдері болды.
Біраз алға оза отырып айтпағым, қордың қызмет жасаған
кезеңінің өн бойында оның қызметін басқарудың мәселеле-
ріне байланысты сын біршама болған. Мен сын қашанда
сындарлы болуы керек, сонда ғана одан пайда болады деген
принципті әрқашанда ұстанамын. Бірақ, кейде сондай бір
ескертулер айтылғанда, еріксізден сол адамдардың айтқан
сөздерінің дұрыстығына күмәндана бастайсың. «Бізге оның
ешқандай да қажеті жоқ, мұнай бізде онсыз да көп» деген-
нен бастап, мұны менің жеке қорым екен дегенге дейінгіні де
естуге тура келді. Осындай негізсіз сындарға бара-бара көңіл
аудармайтын болдым. Дұрысы сол екен.