Page 325 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
324
ның ерекшеліктерін ескере ме?» – деген сұрақты қоятынбыз.
Мысал үшін, Кувейт, 50-ші жылдарда ірі көмір-сутегі
кеніштерінің ашылуы және мемлекет табысының шығыннан
үздіксіз асып түсуі арқасында, өзінің Жалпы резервтік қорын
1960жылдың өзінде-ақ құруға мүмкіндік алды. Кейінгі он бес
жылдың ішінде барлық мемлекеттік инвестициялар Кувейт
экономикасына аталмыш қор есебінен жасалынған. 1976
жылға қарай елдің байығаны сондай, олар өздеріне тағы бір
қаржыландыру көзі – Болашақ ұрпақтар үшін жинақ қорын
құруға мұрсат берді.
Америка штаты Аляска да екі қордың иесі: Алясканың
тұрақты қоры 1976 жылдан, ал штаттың Конституциялық
бюджеттік резерв қоры – 1990 жылдан қызмет жасайды.
Біріншісі – негізінен келер ұрпаққа жасалған резерв, ал
екіншісі бюджеттің ағымдағы тапшылығын жабу үшін пай-
даланылады. Олардың қызмет ету принциптері, ережелері,
нәтижелері үздіксіз жарияланып отырады, ал енді бұл екі
қор тек атқару және заң шығару биліктеріне ғана есеп беріп
қоймайды, оларштаттың тұрғындарына да тікелей есеп беріп
отырады.
Чилидің тұрақтандырғыш мыс қоры 1985 жылы ұлттық
валютаның айырбас бағамының және салық түсімдерінің
құбылуын бәсеңдету үшін құрылған. Сонымен бірге қордың
жағдайы Чилидің мемлекеттік мыс компаниясының ауда-
рымдарына ғана байланысты, ал қорды басқару ісін елдің
орталық банкі атқарады.
1998 жылы мұнайдан түсетін табыстың есебінен
Венесуэланыңмакроэкономикалық тұрақтану қоры құрылды.
Оның бас­ты мақсаты – елдің бюджеті мен экономикасын
көмір-сутегі шикізатының бағасы құбылуынан туындайтын
қиындықтардан қорғау.
Әлемде бар үлгілердің ішінен біз үшін қолайлысыНорве-
гия мұнай қорының үлгісі болып шықты. Әлемдегі осы бір ірі
қордың іргесі 1990 жылы қаланған. Оны құрудың қажеттігі