Page 324 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
323
құрудың сыншылары, халықтың осы мәселе жөніндегі
бейхабарлығын пайдаланып, қысылып-қымтырылмастан,
осыған қатысты ұғымдарды әдейі шатыстырып, мұны
жергілікті басшылардың тағы да бір ақша жинап алу үшін
қолдан жасап отырған қулығы сияқты қылып көрсетуге ты-
рысты.
Көптеген сұхбаттар кезіндежұрт маған осы сұрақтықай­та-
қайта беріп, оны құрудың қанша қажеттігі барын түсіндіруді
сұрайтын. Осындай сұрақтарға жауап бере келіп, мен бұл
қорды құрғанда, біз жаңадан ештеңе ойлап тапқан жоқпыз
дейтінмін. Шикізат ресурстарымен жұмыс істейтін көптеген
мемлекеттер осындай қорларды құрған. Өйткені әлемде баға
өзгеріп тұрады, ал қазір мұнай сатудан үстеме пайда түсіп
тұрса, біз оны әртүрлі алмағайыпжағдайға арнап қорландыра
беруіміз керек. Мен үнемі: мемлекет алға, болашаққа қарай
сеніммен жүріп отыруы керек және ол үшін ішкі резервтер
қажет, – деп айтып отырдым.
Ұзаққа созылған пікірталастардың нәтижесінде, сын
толқы­нының көптігіне қарамай, Ұлттық қор бәрібір құрылды.
Елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз
ету, болашақ ұрпақ үшін қаржы жинақтау және сыртқы
қолайсыз факторлардың әсеріне экономиканың тәуелділігін
шектеу оның басты мақсатына айналды.
Қор құру туралышешім қабылдау процесінде біз әлемдегі
қолданыстағы барлық мұнай қорларының тәжірибелерін
зерттепшықтық. Соңғы 40жылда осындай тұрақтандырғыш-
жинақтаушы қорлар әлемнің көптеген елдерінде құрылған.
Мұндай қорды Бразилия кофеден, Чили – мыс рудасынан
жинаса, Венесуэла, Сауд Арабиясы, Ливия, Оман, Иран, Ку-
вейт, Америка штаты Аляска, Канада провинциясы Альберта
– мұнай мен газдан түскен табысты жинақтапты.
Осындай қорлардың қызметін зерттеу барысында біз
өзімізге ылғида: «Қордың қызмет жасау тетіктері Қазақстан-