ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
322
Бұл кезең дүние жүзінің тәжірибесін қажетінше зерттеу
мен және бұл жұмыстарға шет елдердегі біздің елшілерді
қатыстырумен сипатталады. Біздің алдымызда, басқа
елдердің тәжірибелеріндегідей, өзіміздің мұнай қорымызды
құру міндеті тұрды. Үкімет трансұлттық компаниялардың
басшылығымен сыртқы қарым-қатынасты көп жасауға тиіс
болды. Осыны ескере отырып, 1999жылыПремьер-министр
болып кәнігі дипломат, өзінде Сыртқы істер министрінің
мол тәжірибесі бар Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалды.
Өкінішке қарай, бұл кітапта мен ол екеуміз бірге атқарған ора-
сан зор сыртқы саяси қызметіміз туралы айта алмаймын.
К
елер
ұрпақтардың
қазақстандық
қоры
Ұлттық қор құру туралы идея алғашында 1997 жылдың
өзінде-ақ, «Қазақстан стратегиясы – 2030» дайында-
лып жатқан кезде пайда болған еді. Ол кезде халықаралық
кеңесші лерд і ң, отандық басқарушылардың және
экономистердің көбіне бұл идея сандырақ сияқты бо-
лып көрінді. Сонымен қатар, ақырында оны халыққа
жариялағаннан кейін, біраз уақыт өткен соң, 1998 жылы
тамызда Ресейді дағдарысқа ұшыратқан мұнай бағасының
опырыла құлауы себеп болды. Сондықтан біз Ұлттық қорды
құру мәселесіне тек 2000 жылы ғана қайтып келе алдық.
Сол кезеңдегі уақыт және дамудың бет алысы бізден
тәуекелшілік жүйесі жағдайында ахуалды тұрақтандырудың
мүмкін жолдарын табу арқылы шаралар қабылдауды талап
етті. Бұған мұнай бағасының күрт құлауын, «экономиканың
тым қызып кетуін» және голландтық ауруды, мұнай ресурс-
тарының күрт азаюын жатқызамыз.
Қор құру туралы шешімнің қабылдануы қоғамда үлкен
дүрбелең туғызды. Алдымен, бұл көпшіліктің мемлекетті
дамыту қорларының рөлін ұқпағандығынан болды. Қор