Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
321
бейкүнәлік іс болып шығады. Мысалы, КСРО паспорттарын
жеке куәліктерге айырбастау кезеңінде азаматтардың көбі
салақтық білдіреді, мезгілімен ауыстырмайды немесе оларды
жоғалтып алады. Егер сондай кезеңде бір қолайлы келісім
ұсыныла қалса, оны босқа жіберіп алмау үшін, басқа біреудің
атына жаздырады. Осындай амалсыздық салық төлеушінің
тіркеу нөмірі жоқ кезде де болды. Қалай болғанда да, мүлікті
заңдастыру, қаржыны бірінші амнистиялаған кездегідей,
азаматтарымызға да, елімізге де пайдалы болатыны сөзсіз.
Біздің азаматтарымыз капиталының 10%-ын мемлекетке
салық ретінде төлеп, өзінің қаржысын заңдастыруға тағы да
бір үлкен мүмкіндік алып отыр, біз мұны елдегі атқарылып
отырған осы маңызды шараның ерекшелігі дейміз. Мұның
шетелдердегі ақшаға да қатысы бар. Оларды Қазақстанға
аудару міндетті емес. Сонымен бірге біз бұл мемлекеттің ам-
нистия бойынша жүргізіп отырған соңғы акциясы екендігін
азаматтарымызға ескерткенбіз.
Капиталды заңдастырудың тәжірибесін еске алғанда
айта кететін нәрсе – оны жүзеге асыру экономиканың өсуі-
не және мұнайға қойылған жоғарғы бағаға сәйкес келді.
Республиканың мұнайдан түсетін табыстары осы кезеңде
күрт көтеріле бастады. Мысалы, тек қана 2000 жылы біз 35
млн тонна шикі мұнай өндірдік. Сол жылғы экспорт көлемі
4,2 млрд АҚШ долларына тең болды. Салыстырмалы түрде
айтсақ, 1995 жылы бұл көрсеткіштер 23 млн тонна және
0,7 млрд АҚШ долларына тең келді. Сонымен қатар, бізді
қорқытқан мұнайды сатудан түсетін табыстың көлемі емес,
оның тұрақты өсу динамикасы болды. Өсудің осындай үрдісі
барысында біз «экономиканың қызып кетуі» сияқты пробле-
маны және нарықтық экономиканың бұдан басқа да «тама-
шаларын» өзімізге сынақ ретінде қабылдадық. Сондықтан,
осындай проблемалардан құтылу үшін біз Ұлттық мұнай
қорын құруға бардық.