ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
320
емес, нақты ұсыныстар қажет. Біздің сын маған көбіне «кім
кінәлі» деген мәңгілік тақырыпқа құрылған кеңестік «ас үйдегі
әңгімені» еске түсіреді. Сонда біз 4,7 млн жылжымайтын ны-
сан иелерін, тіпті олардыңмүліктері құқықтық сауатсыздықтан
немесе салақтықтан заңдастырылмаған болса да, түрмеге
отырғызуымыз керек пе? Керегі жоқ деп ойлаймын.
Мысалы, мүлікті заңдастыру туралы Заңды әзірлеу бары-
сында құпияны сақтаушаралары есепке алынбады, ол туралы
айтылған. Қазір осы кемшілікті жою жөнінде жұмыс істелуде.
Сонымен бірге азаматтардың жылжымайтын меншікке
құқықтарын мойындайтын мемлекеттің осы шарасы туралы
кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Тағы да бір
рет айтайын – бұл шара мүлкін жасырған кінәлілерді іздеу
үшін емес, сол мүліктерді заңды айналымға кіргізу үшін іске
асырылды, яғни олардың меншігі тиісті түрде ресімделіп,
өздері меншік иелеріне қатысты тиісті құқықтардың сақталу
кепілдігіне ие болды.
Егер азаматтың меншігі заңдастырылса, тіркелсе ғана,
оны сатуға немесе біреуге сыйлауға болады. Ең бастысы– бұл
меншік өзінің бизнесінжүргізуге банкіден несие алу үшін кепіл
бола алады. Сөйтіп, шетелдіктерден алынатын инвестицияға
қарағанда, оныбіздің экономикаға өзіміз әлдеқайда көп сала-
мыз. Тағы бір айтатын жайт –мүлкін заңдастырып алып, адам
меншік иесіне айналады және тыныш ұйықтай алады.
Екіншіден, кеңестік құрылысжылдарындабіздің халықтың
негізгі бөлігі меншік қатынастарын құрметтеуді және олар-
ды тиісті құқықтық жолмен ресімдеуді ұмытты. Өздеріңіз
ойлаңыздаршы, заңтану бойынша бірде-бір кеңестік оқулық-
та, бірде-бір заңда «жылжымайтын дүние-мүлік», «заттық
құқық» деген атаулар болған емес. Адамдардың көпшілігі,
көбіне өздерінің іс-әрекеттерінің заңға қайшы келетіні ту-
ралы ойланбайды, олар мүлкін әдейілеп жасырмайды.
Мүлікті екінші бір адамға ресімдеудің себептері көбінесе өте