Page 320 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
319
Біріншіден, алдында айтқанымдай, мүлікті заңдастыру
одан бұрын жүргізілген қаржы амнистиясының логикалық
жалғасы болып табылады. «Көлегейлі экономиканың», соған
сәйкес, «сұрқай ақша» мен мүліктің проблемалары заңның
жетілмегендігінен әрі өткен жылдардағы экономикалық
ахуалдың тұрақсыздығынан туындаған болатын. Қазір,
аталған көрсеткіштер біршама жақсарған кезде, біз тығып
тасталған заттарды сыртқа шығарып, заңды айналымға
енгізуге мүмкіндік беруіміз керек. Осы жерде де менің Заңға
сәйкес заңдастыру жөніндегі шаралар ақшалары қылмыстық
жолмен табылған кейбір адамдарға тарамайтынын атап
көрсетуім керек шығар.
Бұл шараның сыншылары жеткілікті, бірақ біз кез келген
сарыуайымшыл сыншының айтқандарын тыңдай бермеуіміз
керек. Менің білуімше, мұндай адамдар қашан да болған,
олар біздің қай реформамыз жөнінде де қоғамда дау-дамай
туғызуға әрекет жасайды. Нәтижесінде солар не ұтты? Біз
бүгіндері түбегейлі өзгерістердің жағымды нәтижелерін іс
жүзінде көзбен көріп, әрбір азамат олардың пайдасын өзінің
күнделікті өмірінде сезініп отырғанда, сол сыншылар қайда
жүр?
Мен әрқашанда: «Сынайды екенсің – ұсыныс жасай
біл» деген принципті басшылыққа аламын. Сонымен бірге,
сын жағымды мағынада болуы керек, ал бізде оны көбіне
басқа сынмен шатастырады. Мен өзім алғашқы принципті
ұстанамын. Егер менің көңіліме бір нәрсе жақпаса, ең алды-
мен, мен өзіме: «Жарайды, бұл ұнамайды екен, сонда мен
оған не ұсына аламын?» деген сұрақты үнемі алдыма тарта-
мын. Ал бірақ көлегейлі меншікпен күресудің дүние жүзіне
белгілі әдістерінен басқа, жолдарын ешкім де ұсынған жоқ.
Біз диалогқа дайынбыз және ақылға сыйымды ұсыныстардың
бәрін құптап қарсы аламыз. Бірақ тағы да айтамын: кез кел-
ген нәрсеге бола орынсыз наразылыққа толы бос сөздер