Page 319 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
318
салынатын салықтың мөлшері 4%, ал әлеуметтік салықтікі –
5% төмендетілді.
Қорытындысында айтқым келетіні – Қазақстандағы
эконо­микалық амнистия посткеңестік кеңістіктегі ерекше
бір құбылыс болды. Акцияның мақсаты бұрынырақта заңды
айналымнаншығып қалған қосымша қаржылардыҚазақстан
экономикасына тарту болды. Нәтижесіндежартымиллиардқа
жуық АҚШ доллары заңдастырылды. Заңдастырылған ақша
жекенікі болып табылғанымен және мемлекет салық төлемі
ретінде бір теңге алмаса да, одан келетін түпкі экономикалық
пайда айқын еді. Банк секторына орналастырылған капитал
қазіргі уақыттамемлекетпен қоғамның игілігінежұмыс істейді,
алшетелвалютасыныңақшадайқұйылуыҚазақстанныңұлттық
валютасының позициясын нығайтты.
Көлегейлі бизнес капиталдарын заңдастырудың мемле-
кеттік қазынаға тигізген жағымды әсеріне салық салынатын
базаның және салық төлеушілер санының өсуі де жатады,
өйткені ол сөзсіз өз тарапынан бюджетке түсетін түсімдерді
молайтатын еді.
Қазақстандағы бірінші заңдастыруды жүргізудің жағым-
ды тәжірибесін есепке ала отырып, осы қаржыны заңдастыру-
дың қисынды жалғасы ретінде біз қазір мүлікті заңдастыру
мәселесімен айналысудамыз. Оны нәтижелі іске асыру
«көлегейлі меншікті» жоюға мүмкіндік береді, сол сияқты
оны заңды есепке алу арқылы экономикалық қатынастардың
жүйесіне енгізеді.
Бүгінгі күні, Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, елі­
мізде жылжымайтын мүліктер орталығына иелену құқықтары
тіркелмеген 4,7млн нысан бар екен. Бүгінге дейін тіркелмеген
жылжымайтын мүліктің үлесі нысандардың жалпы санының
30%-ға жуығын құрайды. Алдын ала жасалған бағалау бой-
ынша, осынысандардызаңдыайналымға енгізгенде, еліміздің
экономикасына 4 млрд теңгеге жуық пайға келмек.
Біз осы науқанды жүргізуді неліктен қолға алдық?