ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
30
екен. Алайдамен оныбіршетке ысырып қойдымда, үнемі мо-
ниторинг жүргізу арқылы проблеманы зерттеудің қажеттігін,
бірақ қазір қоғамдыдүрліктірудің, әсіресе осыған байланысты
қоғамдық пікірталастарды тудырудың керегі жоқтығын айт-
тым. Уақыт менің айтқанымның дұрыстығын көрсетті.
Либералдық идея жөніндегі жағдай қиындау еді.
1990 жылдардың бас кезінде либералдық идея элита
өкілдерінің көпшілігіне барлық аурудан айығудың еміндей
болып көрінген. Мемлекет қайраткері ретінде маған сон-
шама тез сенгіштіктің қажеті жоқ еді. Иә, либералдық идея
Батыстың әлемдік саясат теориясы мен тәжірибесіндегі
ең әйгілі әрі көрнекі үлестерінің бірі және планетаның
тұтастай аймақтарында үстем саяси идеология болатын.
Дегенмен, сол кезде-ақ батыстық либералдық идеологияны
Қазақстанға қарапайым тәсілмен ауыстыру кезінде оны іске
асырушылар – кең мағынада, соның ішінде саяси мағына-
да – мәдениет сынды құбылыспен қақтығысатыны түсінікті
болды. Оның сипатыменмұраттарын лезде өзгертуге болмай-
тын еді. Саяси мәдениеттің тұрпатын біртіндеп, өркениеттілік
әдіспен нақты реформалар негізінде түбегейлі жаңарту қажет
еді.
Бұл айтылғандардың бәрі сонау 1993 жылы болғанын
еске сала кетейін. Бүгінде бұл сипаттаулардың бірде-бір сөзін
өзгертуге болмас еді. Біздің бағыттардың жүйесі соншалықты
айқын болып ұсынылды. Бұл өте ықшамдалған бағдарлама
еді. Саяси және экономикалық салаларда төрт бағыт және
идеялық біріктіру саласында да төрт бағыт болды. Мен сол
кезде жария етілген бағыттарды өзгерткенім жоқ. Ал енді
осының төрелігін өздеріңіз айтып көріңіздер.
Бірінші. Формалды-құқықтық тәуелсіздіктен нақты
тәуелсіздікке ауысу міндеті қойылды. Екінші. Бұл кезеңде
мемлекеттілікті нығайту стратегиялық бағыт болып таңдалды.
Бізде мемлекеттілік атрибуттары енді ғана пайда болған