Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
317
біреулерге тиісті немесе несие түрінде алынған ақшаларға
таратылмады.
Заңдастыру үрдісінің ерекше шарты оның құпиялылығы
болды. Арнайы есепшоттарды және олардағы ақшаның
мөлшерін жариялауға болмайды, ал арнайы есепшоттың
болуықандай да тергеу-тексеружәне оның ішінде қылмыстық
қудалаулар әрекеттерін жүргізуге немесе әкімшілік жаза
қолдануды іске асыруға негіз бола алмайды деп атап
көрсетілді. Заңдастыруға ұсынылған ақшамемлекет меншігіне
тек осы заңға сәйкес амнистияға жатқызылған азаматтардың
мүліктерін тәркілеу жөнінде сот шешімі (үкімі) болса, сол
шешім заң күшіне енген жағдайда ғана алынады. Ұлттық
немесе шетел валютасы түрінде арнайы есепшотқа түскен
ақшаға салымшы заңдастырудың мерзімі аяқталған күннің
ертеңінде-ақ иелік ете алады.
Осы шараның нәтижесінде тек 2 айда (2001 жылдың
маусым-шілде айларында) тұрғындардың банк жүйесіндегі
салымдары 46%дан астам (51,7 млрд теңгеге) өсті.
Заңдастырылған қаржының жалпы көлемі 480 млн АҚШ
долларына немесе жалпы ішкі өнімнің 2%-ына тең болды.
Шамамен осы қаржының 55%-ы банк жүйесінде депозиттер
түрінде қалды, бұл банктердің ресурстық базасының едәуір
өсуіне ықпалын тигізді.
Рақымшылық жасалған қаржыны тиімді пайдалану ая-
сында 2001 жылдың мамыр айынан бастап маусым айының
аяғына дейін мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссия
көлемін жоспар бойынша 2001 жылдың шілдесіне дейін
көбейтіледі деп шамаланған деңгейден едәуір төмендетті.
Осыған орай, бағалы қағаздарды заңдастыру кезеңінің
аяқталуына таман орналастыру үшін, ірі кәсіпорындардың,
оның ішінде ұлттық компаниялардың бағалы қағаздар
шығаружөніндегі шараларыныңмерзімі ұзартылды. Сонымен
қатар Қазақстанда салықтарды төмендету іске асырылды,
2001 жылғы 1 шілдеден бастап қосымша құн салығына