Page 317 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
316
ішкі өнімнің 2,5%ына тең болған. Мексика осындай акциядан
2 миллиардтан астам АҚШ долларын тапқан.
2001 жылы сәуірдің басында Қазақстан Республикасы-
ның «Қазақстан Республикасының азаматтарына ақшала-
рын заңдастыруға байланысты амнистия жасау туралы» Заң
қабыл­данды. Заң тетігі мынада еді. Қазақстан азаматтары
ақшаларын салымдардың ұжымдық кепілдігі жүйесіне кіретін,
екінші деңгейдегі банктердің арнайы есепшоттарына салу-
лары немесе аударулары тиіс болды (заңдастыру кезеңінде
оларды пайдалануға құқық берілмеді). Ұлттық немесе шетел
валютасы түріндегі жинақ ақшаларын салғаннан кейін немесе
шетел банкілеріндегі жеке есепшоттарындағы ақшаларын
соларға аударғаннан кейін, банк салымшыға салынған
соманың көлемі, салу мерзімі көрсетілген ресми құжат
(ақшаны заңдастыру бойынша арнайы есепшотқа салынған
ақша туралы куәлік) берді. Арнайы есепшоттарға енгізілген
сома салық салынатын табысқа кіргізілмеді.
Ақшаларын салған азаматтар заңдастыруға дейінгі жа­
салған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершіліктен боса-
тылды. Сонымен бірге қылмыстық жауапкершіліктен босату
лицензиясыз, заңсыз кәсіпкерлік қызметке ғана байланысты
емес, сол сияқты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған
түрлерімен, өтірік кәсіпкерлікпен және т.б. айналысқандарға
да жататын болды.
Заңның күші заңдастыру кезеңі басталғанға дейін
қылмыстық және әкімшілік іс қозғалған, сол сияқты сотталған
және әкімшілік жаза алған тұлғаларға тарамайтын болды.
Сонымен қатар оның күші, коррупциялық құқық бұзушылық
негізінде алынған ақшаларды заңдастыруға, сондай-ақ
тұлғалардың жеке басына, адамзаттың бейбітшілігі мен
қауіпсіздігіне, конституциялық құрылыстыңнегізіне, қоғамдық
қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығымен
ізгілігіне қарсы жасалған қылмыстарға, сол сияқты басқа