Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
315
Экономикалық амнистия Қазақстан Республикасы
азаматтарының бұдан бұрын декларацияда көрсетілмеген
және ашық экономикалық айналымнан шығарып жетілген
ақшаларына тек бір рет қана болатын заңдастыру деп
ойластырылды. Осы аталған акцияның мәні тұлғалардың
өздері заңды түрде тапқан, бірақ үлкен салықтарға байла-
нысты заңдастырылмаған капиталдарын заңдастыратын
болса,салықтан және жауапкершіліктен босатылатынды-
ғында еді. Біз сәтті өткен осы акцияны кейінірек тағы қайталау
қажет деп есептедік.
Заңдастыру үрдісіне дайындық кезінде мен бүкіл дүние
жүзінің, осы саладағы бар тәжірибелерін (жағымдысын
да, жағымсызын да) зерттеуге тапсырма бердім. Осы
тәжірибелерден алынған негізгі қорытынды сол – көбіне
азаматтардың жасырын капиталдарын заңдастыру үшін
қалай жағдай туғызылса, мұндай акциялар сәтті өтеді екен.
Реформаның тиімділігін қалыптастыруға қажетті жағымды
жағдайды жасауға Қазақстан Үкіметі тарапынан зор көңіл
бөлінді.
Мысалы, Швейцарияда жүргізілген бірінші амнистияның
тәжірибесі зерттелді. Бұл акция Швейцарияның банк
жүйесіне жағымды әсер етіп, инвестициялық климаттың күрт
жақсаруына, өндіріс деңгейі мен елдің макроэкономикалық
көрсеткіштерінің өсуіне жалпы қолайлы жағдай туғызыпты.
Сонымен бірге, амнистия Франция (1982, 1986), Аргентина
(1987), Индия (1997), Қытай сияқтыжәне бірқатар елдерде
де жүргізілген, бұл да олар үшін нәтижелі болып шыққан.
Мысалы, Қытайда азаматтар капиталдарын ресми деклара-
циялап, салықтарын төлегеннен кейін, салық органдарының
тіркелген тетіктерді іске қосуынан қорықпай-ақ, өздерінің
мүліктерін өз қалауларынша ұстауларына мүмкіндік алған.
Сонымен бірге мемлекеттік бюджетке бірнеше миллиард
АҚШдоллары түскен көрінеді. Ирландияда салық амнистия-
сынан түскен сома бюджеттің көлемінен асып түсіп, жалпы