ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
314
зейнеткерлерімізге жап-жақсы пайыздар әкеп тұруына және
осы ақшалардың экономика үшін қалыпты жұмыс істеуіне
байланыстымәселелермен шұғылданудамыз. Дүние жүзінде
де тура осылай болып жатады.
Зейнетақы жинақтарын инвестициялау және ішкі ин-
вестициялау мәселелеріне қайта орала отырып, мынаны
айтқым келеді. Қаржы жүйесін реформалап және халықтың
ақшасын экономиканың жұмыстарына тарта отырып, біз «сұр
ақша» проблемасына кездестік. Бұл ақшалар, зейнетақы
қорларының активтері сияқты, еліміздің экономикасын
инвестициялаудың тағы бір қаржы көзіне айнала алар еді.
Қазіргі іске асырылып отырған, табыстарды заңдастыру
қадамдары, «көлегейлі» экономиканың пайда болуының
себептеріншешуге және капиталдың сыртқа кетуіне тосқауыл
қоюға жасалынған талпыныс болды.
Қ
аржы
амнистиясы және мүліктерді
заңдастыру
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы біздің нарық
институттарымыздың әлсіздігінен, пәрменді заңнамалық акті-
лердің болмауынан, Қазақстаннан сырт жерлерге, 1,2-ден
2 миллиардқа дейін АҚШ долларының астыртын кетуіне
мүмкіндік туғызды. Салыстырмалы түрде айтсақ, Ресейде бұл
сома 40-50 млрд АҚШ долларына жететін еді. 1999 жылы
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі
көлегейлі сектордың көлемінжалпы ішкі өнімнің 20-25%-ына
тең деп бағаласа, ал тәуелсіз сарапшылар бұдан да көп цифр-
ды атап, жалпы ішкі өнімнің 45-50%-ына дейін апаратын.
Көлегейлі айналымда осындай үлкен соманың болуы
бізден еліміздің экономикасын дамытуға қажетті осы ка-
питалды елге қайтару үшін жағдай туғызуды талап етті.
Экономикалық амнистия жүргізудің қажеттігі туып келе жатты.