Page 314 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
313
Осыған байланысты, Қазақстанда жинақтау зейнетақы
жүйесіне толық өту 2038–2040 жылдарға дейін жүргізіледі.
Қазір, мен жүргізілген реформа туралы ойлағанда, кей-
де өзіме: «Осыны іске асырғанымыз қандай жақсы болды!»
деймін. Біздің адамдарымыз өздері ақша жинақтап, сол
арқылы, лайықты қарттықты қамтамасыз ете алады. Енді
зейнетақы үш құрамдас бөліктен тұрады: мемлекет + жұмыс
беруші + азаматтың өзі. Мемлекет біртіндеп осы құрамдас
бөліктерден алыстай бермек. Сондықтан әрбір қазақстандық
өзіне лайықты қарттықты қамтамасыз еткісі келсе, жинақтау
зейнетақы қорының қатысушысы болуы керек. Осылайша
зейнетақықорларындажинақталыпжатқанақшаэкономикаға
жұмыс істей алады.
Бірақ мен осы маңызды кезеңге тағы да қайтып орал-
дым. Ең бастысы мынада, мемлекет бұл ақшалардың қол
сұғылмайтынына және олардың қауіпсіздігіне кепілдік
береді. Олар ешқашанда қауіпті жағдайда болмаулары ке-
рек. Сондықтан да бұл ақшаларды инвестициялық мақсатта
қолданғанда, көптеген нәрсені алдын-ала ойластыру қажет:
бұл қандай кәсіпорын, бұл қандай компания деген сияқты.
Секьюрлендіру туралы заңның жобасы дайындалды. Мұнда
осы мәселені қарастыра отырып, зейнетақы қорларына
ақшаны сенімді кәсіпорындарға салуға мүмкіндік беру
мәселесі қарастырылған. Бұл борыштық бағалы қағаздар
нарығының дамуына қолдау жасап, несиенің құнын
төмендетеді.
Мысалы, алғашқы қарлығаш – Шар-Өскемен темір
жолының салынуы, біз оны осыған саламыз. Мұнай жобала-
рына да, мемлекеттің кепілдігіндегі инфрақұрылымдарға да
салуға болатын шығар, индустрияландыру бағдарламасын
іске асыру барысындағы нысандарды да көруге болады.
Сол сияқты, тұрғын үй құрылысына да салынуы мүмкін. Біз
үлкен байсалдылықпен зейнетақы қорлары біздің болашақ