Page 313 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
312
жатады. Барлық субъектілердің қызметтері лицензиялана
бастады, активтерге билік жүргізу өкілеттілігіне заңмен шек-
теулер қою, жүйе субъектілерінің қаржы жағдайы жөніндегі
мәліметтердіңжариялылығыменшынайылығына қойылатын
талаптар анықталды. Зейнетақылық салымдарды инвести-
циялау тиімділігін, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және
зейнетақылық жинақтаулардың құнсыздануын болдырмау
мақсатында, инвестициялау үшін заң жүзінде тағайындалған
активтердің тізімі жасалынды. Сонымен қатар жеке қаржы
көздерінен ерікті зейнетақы жарналарының болуы да мүмкін
еді. Еліміздегі соңғы кездердегі қайта жаңарулардың ая-
сында, зейнетақы қорларының активтерін инвестициялау-
мен айналысып жүрген компаниялармен қатар, зейнетақы
қорлары өздерінің портфельдерін тікелей инвестициялай
алады. Аталған өзгерістер зейнетақы активтерін басқарудағы
монополияны жоюға және әкімшілік шығындарды азайтуға
бағытталған.
Зейнетақы реформасын іске асыру қаржы ұйымдарының
қызметін одан әрі дамытуға мүмкіндік берді.
Зейнетақы активтері, экономиканың нақты секторларына
отандық ұйымдардың мемлекеттік емес бағалы қағаздары
арқылы, ал екінші деңгейдегі банктердегі жинақтарға (де-
позиттерге) инвестиция жасау жолымен тартылған, олар өз
тараптарынан бұл ресурстардыҚазақстанның экономикасын
несиелеуге пайдаланады. Тек 2006 жылдың 1 қаңтарына
таман отандық ұйымдардың мемлекеттік емес бағалы
қағаздары арқылы зейнетақы активтерін инвестициялау мен
екінші деңгейдегі банктердегі салымдар көлемі 218,6 млрд
теңгеге тең болды.
Зейнетақы реформасын жүргізу, бәріміз білетіндей, бір
мезгілдік қадам болып табылмайды. Мысалы, жаңа зей-
нетақы жүйесін енгізу қарсаңында жастары зейнеткерлікке
жақындаған азаматтар көп ештеңе жинақтап үлгермейді.